жұртшылығымен – Nigeria Gazetesi

Мемлекет басшысы Алматы қаласының жұртшылығымен кездесті
Мемлекет басшысы Алматы қаласының жұртшылығымен кездесті https://t.co/t1Owlva0fF pic.twitter.com/aAa2wMfMNe

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) November 16, 2022

Жаңалықтар

Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Алматы қаласының жұртшылығымен кездесті

2022 жылғы

Президент қала жұртшылығымен кездесу барысында Алматының ел тарихында айрықша орын алатынын атап өтіп, осы қалада Егемендік декларациясы мен Қазақстанның Тәуелсіздігі жарияланғанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев шаһарды өркендетуге қатысты ой-пікірін айта келе, бірнеше бағытта атқарылуға тиіс жұмыстарға назар аударды.

Мемлекет басшысының айтуынша, ең алдымен, қала экономикасын әртараптандыру арқылы оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету қажет. Алматы – еліміздің экономикалық дамуының қозғаушы күші және көшбасшысы. Жалпы ішкі өнімнің бестен бір бөлігі, бюджет кірісінің 25 пайыздан астамы және Қазақстанның сауда операцияларының үштен бір бөлігі осы қалаға тиесілі. Жыл басынан бері қала экономикасына 930 миллиард жеке инвестиция тартылған. Кәсіпкерлік дәйекті дамып келеді. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 30 пайызға өскен.

– Экономиканың әртараптандырылу деңгейінің төмен болуы қала тұрғындары табысының өсімін баяулатады. Қала «орташа табыс тұзағына» түсті, одан шығу үшін қала экономикасын түбегейлі әртараптандыру қажет. Өңдеу өнеркәсібін, туризмді, IT секторын және креативті индустрияны дамытуға баса назар аудару керек. Бәсекелестікті ынталандыру, инвестиция тарту және еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыру қажет. Қала жағдайындағы өңдеу өнеркәсібін дамыту ісі экологиялық таза және ықшамды заманауи технологияларды қолдана отырып, үдерістерді жоғары деңгейде автоматтандырумен және цифрландырумен қатар жүзеге асырылуы керек. Алматының индустриялық аймағы мен «Алатау» инновациялық технологиялар паркінің әлеуетін толық пайдалану қажет, – деді Президент.

Мемлекет басшысы өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдеріне Алматы агломерациясының аясында өңдеу өнеркәсібін бірлесіп дамытуды тапсырды. Сондай-ақ осы мақсатта жыл аяғына дейін екі аймақтың тығыз ынтымақтастығына негіз болатын «Агломерацияларды дамыту туралы» жаңа Заң қабылданатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі IT компаниялардың 40 пайыздан астамы Алматыда орналасқанына тоқталып, азаматтардың маңызды бастамаларын жүзеге асыру үшін жақын арада қалада хабтар мен кластерлер іске қосылатынын жеткізді. Сондай-ақ бастапқы қаржыландырылу сомасы 10 миллиард теңге болатын қалалық венчурлық қор құру жөніндегі жергілікті биліктің идеясын қолдайтынын атап өтіп, бұл жобаға жеке кәсіпкерлерден қаржы тартудың маңызды екенін айтты.

Мемлекет басшысы қаланың барлық ауданын бірдей дамыту және тұрғын үй құрылысын жандандыру керек екеніне назар аударды. Президент бірқатар түйткілді мәселені атап өтіп, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына баса мән беру қажеттігін жеткізді.

– Бірқатар ауданда орталықтан берілетін су жоқ. Алматының 30 мыңға жуық тұрғыны суды тасып ішеді. Әкімдікке 3 жылдың ішінде барлық тұрғындарға орталықтан су беруді тапсырамын. Алдағы 2 жылда Қарғалы, Ақсай өзендерінен су алатын 2 ірі құрылғыны іске қосу керек. Наурызбай және Алатау аудандарында су жинайтын жаңа орталықтар салу қажет. Бұл шаралардың арқасында 150 мың адамға су беріледі. «Ерменсай» және «Барлық» өзендерінен су тарту жүйесін де іске қосу маңызды. Су – тіршілік көзі. Тұрғындардың өмір сапасы тікелей суға тәуелді. Сондықтан сумен қамтамасыз ететін жаңа желі салу, жаңғырту жұмысын басты назарда ұстау керек, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев қала халқының саны күн өткен сайын өсіп келе жатқанына тоқталып, тұрғын үй құрылысына айрықша мән берілетінін айтты. Оның айтуынша, Алматы тұрғындарының көпшілігі, әсіресе, жастар үшін баспана – ең өзекті мәселе. Жастардың баспана алуына жан-жақты жағдай жасау керек.

– Бұл – мемлекеттің басты міндетінің бірі. Әкімдік жалға берілетін тұрғын үй салу үшін инвесторларға тартымды болатын тиімді тәсілдер ойластыруға тиіс. Бірақ жалдамалы үйлер тым қымбатқа түспеуі керек. Ондай пәтерлер, ең алдымен, қолжетімді болуға тиіс. Жалпы, Алматы жастары үшін баспаналы болу қол жетпес арман болмауы керек. Басында баспанасы бар жастардың ертеңгі күнге деген сенімі артады. Қалада тұрғын үй тапшылығын азайту – аса маңызды міндет. Келесі жылдан бастап тұрғын үй құрылысын жыл сайын 10 пайызға арттыру қажет. Әрине, Алматыда бос жер аз. Бұл жағдай құрылыстың қарқынын күшейтуге кедергі келтіруі мүмкін. Сол себепті жаңа жерлерді игеру керек. Қалада 1500-ге жуық ескі үй бар. Шағын аудандарда тұрған мұндай үйлерге күрделі жөндеу жүргізген жөн. Әкімдікке осы шаруаны кезең-кезеңмен жүзеге асыру үшін нақты жоспар әзірлеуді тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Алматының жол-көлік жүйесіне де арнайы тоқталды. Бірнеше сағаттық көлік кептелістері азаматтардың денсаулығына әсер етіп қана қоймай, қала экономикасы мен экологиясына да айтарлықтай зиян келтіреді. Сондықтан адамдарға «жайлы қала» қағидатын іске асыруға мүмкіндік беретін үйлесімді және теңгерімді жол-көлік кешенін салу маңызды.

– Қоғамдық көліктердің тартымдылығын дәйекті түрде арттыра отырып, жеке көліктерді пайдалануды азайту жайын ойластыру керек. Ол үшін метро желісін кеңейтуді жалғастыру қажет. Ескірген және экологияға зиян келтіретін көлік түрлерінен бас тарту керек. 2025 жылдан кейін Алматы көшелерінде дизельді автобустар қалмауға тиіс. Оларды газбен және электр қуатымен жүретін көліктер алмастырады. Алматыда оны табысты дамытудың мол тәжірибесі бар. Транзиттік жүк тасымалының басым бөлігін Үлкен Алматы айналма жолына көшіру де қалаға оң әсерін тигізеді. Бұл үшін 6 радиалды және 4 ішкі негізгі көше салу қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Жуырда Алматы мен Қонаев қалалары арасында электр пойызының қозғалысы қайта қалпына келгенін еске салған Қасым-Жомарт Тоқаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктері қала маңындағы теміржол қатынасын одан әрі жандандыру жоспарын әзірлеуі қажет екенін айтты.

Президент экология мәселесі үнемі назарында екеніне тоқталып, алматылықтарды қаладағы ауаның ластануы қатты алаңдатып отырғанынан хабардар екенін жеткізді. Оның айтуынша, жыл сайын атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтың көлемі 125 мың тоннаға жуықтайды. Ауаны негізінен автокөліктер, қалалық жылу электр станциялары, өнеркәсіп кәсіпорындары және газ тартылмаған жер үйлер ластайды. Мегаполисте ауаның таза болуына тығыз әрі ретсіз салынған ғимараттар да кедергі келтіріп тұр.

Осы ретте Мемлекет басшысы әкімдікке өнеркәсіп кәсіпорындарының экологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтауын қатаң қадағалауды тапсырып, ЖЭО-2 және ЖЭО-3 орталықтарын газға көшіру арқылы зиянды қалдықтарды он еседен астам төмендетуге болатынын айтты.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда 2030 жылға дейін 2,5 миллион ағаш отырғызу жоспарланып отырғанын айтты. Ең бастысы, абаттандыру жұмыстары суармалы судың қолжетімділігі мен қала жоспарын ескере отырып, мазмұнды әрі біркелкі жүргізілуі керек. Алматыда 136 саябақ бар. Олардың қатарын көбейтіп, абаттандыру жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізу керек.

Мемлекет басшысы Алматының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту қажет екеніне тоқталды.

– Алматы тұрғындарының саны жыл сайын өсіп жатыр. Соның 60 пайызы көші-қон есебінен жүзеге асады. Бұл жағдай қаланың әлеуметтік инфрақұрылымына елеулі әсер етеді. Қазір қаладағы балабақшаларда 19 мыңнан астам орын жетпейді. Бұл тапшылықты азайту үшін мемлекеттік және жеке меншік балабақшалар салу керек. Сондай-ақ балаларды мемлекеттік білім тапсырысы арқылы мектепке дейінгі жеке білім беру мекемелеріне орналастыру қажет. Әкімдікке үштен алты жасқа дейінгі балалардың 97 пайызын мектепке дейінгі біліммен қамтуды тапсырамын. Бұл міндетті 2025 жылға дейін орындау керек. Оқушылардың саны жыл сайын орта есеппен 12-15 мыңға артып келеді. Сол себепті мектептерде орын тапшылығы жоғары. Қазір 29 мыңнан астам оқушыға орын жетпейді. Бұл ахуал оқушылардың сапалы білім алуына кері әсер етеді. Менің тапсырмаммен Алматыда алдағы екі жыл ішінде «Жайлы мектеп» жобасымен 37 мың орындық 22 мектеп салынады. Басты міндет – 2030 жылға қарай бір ауысыммен оқытуға толық көшу, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент қаланың денсаулық сақтау саласына қатысты негізгі міндет инфрақұрылымды дамыту және қызмет көрсету сапасын арттыру екенін айтты. Алматыда емханалар мен ауруханалар әбден ескірген. Тұрғын үйлер салған кезде әлеуметтік нысандар дұрыс жоспарланбайды. Қасым-Жомар Тоқаев осындай түйткілдерді атап өтіп, әкімдік жаңа медициналық нысандар салып, ескілерін жаңғырту үшін арнайы жоспар әзірлеуі керек екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше күтімді қажет ететін жандарға жан-жақты қолдау көрсету аса маңызды деп санайтынын және оларға мейлінше ыңғайлы қоғамдық орта қалыптастыру керек екенін айтты.

– Қазақстанда ешкімнің құқығы шектелмеуі керек. Қазір Алматыда 55 мыңдай мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Оның 13 мыңы еркін жүріп-тұра алмайды. Оларға кедергісіз орта қалыптастыру қажет. Бұл жұмыс мүмкіндігі шектеулігі жандар ғана емес, қарт кісілер және балалар үшін де өте маңызды. Сондықтан әкімдік қаладағы әлеуметтік нысандардың бәрін осындай жандардың қажеттілігіне бейімдеуі керек. Халыққа қызмет көрсету орталықтарын, ауруханалар мен емханаларды, білім беру және спорт мекемелерін осы талапқа сай ыңғайлау қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Кездесуде Президент қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қалалық басқарма жүйесін цифрландыру мәселелеріне арнайы тоқталды. Оның айтуынша, биыл Қазақстанда тіркелген жалпы қылмыстың бестен бірі Алматыда жасалған.

– Әкімдік 2025 жылға дейін қала көшелері мен қоғамдық орындарды жүз пайыз жарықпен қамтамасыз етуі керек. Тағы бір маңызды бағыт – бейнебақылау жүйесін дамыту. Бүгінгі таңда Алматыда 128 мыңнан астам жеке бейнебақылау камералары орнатылды, оның төрттен бір бөлігі ғана қалалық полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Әкімдік жеке бейнебақылау жүйелерін бірыңғай диспетчерлік пунктке біріктіру жөнінде ереже қабылдауы керек. Әрине, жекеменшік иесінің келісімі арқылы. Сонымен қатар бейнебақылау құрылғыларымен қамтылмаған учаскелерге 20 мыңға жуық камера орнату қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Алматы ғылым мен білімнің орталығы екенін атап өтіп, ғылымды дамыту мәселесіне ерекше назар аударды.

– Елімізге өмір жолын ғылымға арнаған, нақты ғылыми жетістігі бар адамдар керек. Отандық ғалымдар құрамын жасарту қажет. Бұл – уақыт талабы. Сондықтан Ғылым Академиясына ғылымға жаны ашитын, ғылыми әлеуеті зор азаматтарды ғана көптеп тарту қажет. Біз ғылым мен өндірісті ұштастыру туралы жиі айтамыз. Бірақ ондай байланыс әлі де орныққан жоқ. Ащы болса да, мұны мойындауымыз керек. Отандық өндірісті өркендету үшін ғылыми жаңалықтар қажет. Ғалымдарымыздың еңбегі сапалы өнім шығаруға немесе өндірісті тиімдірек етуге септігін тигізуге тиіс. Сонда ғана экономикамыз дамиды. Осы орайда мен тағы бір маңызды бастама – Президент жанынан Ғылым мен технология мәселелері жөнінде ұлттық кеңес құру туралы шешім қабылдадым, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент әйелдердің құқығын қорғау ісіне де назар аударып, соңғы жылдары бұл мәселеде айтарлықтай ілгерілеу бар екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы еліміз ұлттық мүддені қорғауға, әлемде бейбітшілікті, өзара сенім мен ынтымақтастықты ілгерілетуге бағытталған белсенді сыртқы саясат жүргізіп отырғанын атап өтті.

– Халықаралық мәселелерде Қазақстан әрқашан Біріккен Ұлттар Ұйымының әмбебап қағидаттарын сөзсіз қолдайды. Қазіргі күрделі геосаяси және геоэкономикалық жағдайларда БҰҰ-ның рөлі бірнеше есе артып келеді. Оған балама жоқ екеніне сенімдіміз, – деді Президент.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасының еліміз үшін зор сынақ болғанын атап өтті.

– Қаңтар оқиғасының астарына үңілсек, оның себептері айқын көрінеді. Елімізде ұзақ уақыт әлеуметтік әділдік назардан тыс қалды. Мемлекет пен қоғамның арасы алшақтап кетті. Жылдар бойы шешілмеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерден жұрт әбден қажыды. Бұл – түсінікті жайт. Алайда, қылмыскерлердің көздегені басқа еді. Олар бейбіт шеруді жаппай тәртіпсіздікке айналдырғысы келді. Алдын-ала әзірлеген арандатушылар, бұзақылар, тіпті қарақшыларды пайдаланды. Соның кесірінен Алматыдағы жағдай күрт нашарлады, тіпті, бақылаудан шықты. Қылмыскерлер әкімшілік ғимараттарды басып алды. Көшелерді жауып, жолында кездескеннің бәрін қиратты, тонады. Қысқасы, ойларына не келсе, соны істеді. Бірақ, қандай жағдай болсын, азаматтарымыз, ең бастысы, Алматының асқақ рухын құлатқан жоқ. Қала тұрғындары жұдырықтай жұмылды, сүйікті қаласын қорғап қалу үшін бірікті. Әрине, содырлардың мұндайды күтпегені айдан анық. Еліміздің алтын бесігі – Алматыны қиратып жатқаны осы қаланың перзенті ретінде менің де жаныма батты. Дегенмен дәл сол сәтте абдырап, уақыт ұттыруға еш қақымыз болған жоқ. Онда әбден дандайсып кеткен қарақшылар қаламызды күл-талқан етер еді. Ел тағдыры сынға түскен жауапты сәтте халқымыз мызғымас бірлігі мен қайтпас қайсарлығын танытты. Мемлекеттігімізді сақтап қалу үшін біз қандай тәуекелге де баратынымызды айқын көрсеттік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент қылмыскерлердің қолшоқпары болған, арандап қалған жандарға кешіріммен қарау керек деген шешімге келгенін айтты.

– Мен ауыр қылмыс жасамаған осындай азаматтарға кешіріммен қараған жөн деп шештім. Осыған орай Рақымшылық туралы заң қабылданды. Бұл – адамгершілік тұрғыдан дұрыс қадам. Өйткені кешірім – ізгіліктің белгісі. Қажетті заңдық рәсімдерден кейін рақымшылық жасалған адамдар босатылып, отбасына оралады, – деді Мемлекет басшысы.

Президент кездесу соңында еліміздің дамуына ерен еңбегімен үлес қосып жүрген бірқатар алматылық азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Атап айтқанда, «Қазақстанның қала құрылысшылары одағы» ҚБ президенті Любовь Нысанбаева «Парасат» орденімен, «Қалалық клиникалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК дәрігері Роза Дүйсенбаева «Құрмет» орденімен наградталды. «Ерлігі үшін» медалі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Қайрат Нұржаубаевқа, «Ерен еңбегі үшін» медалі «Hyundai Trans Auto» ЖШС өндіріс басшысы Садыкжан Мусаровқа, «Шапағат» медалі «Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ магистранты Әділхан Төлепбергенге табысталды.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-almaty-kalasynyn-zhurtshylygymen-kezdesti-16102132

Мемлекет басшысы Алматы қаласының жұртшылығымен кездесті https://t.co/t1Owlva0fF pic.twitter.com/aAa2wMfMNe

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) November 16, 2022

Мемлекет басшысы Алматы облысының жұртшылығымен кездесті
Мемлекет басшысы Алматы облысының жұртшылығымен кездесті https://t.co/0ggzxxrNnV pic.twitter.com/EP7Jl16DBF

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) October 19, 2022

Жаңалықтар

Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Алматы облысының жұртшылығымен кездесті

2022 жылғы

Президент жұртшылықпен кездесуінде өлкенің еліміз үшін ерекше орны бар екенін атап өтіп, Алматы облысын бөлек әкімшілік аумақ ретінде құрудың және оның орталығын Қапшағай жағасына көшірудің маңыздылығына тоқталды.

– Жұрттың өтінішіне сай қалаға Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді. Мұны, шын мәнінде, тарихи әділдіктің орнауы және халықтың ортақ қалауы деуге болады. Облыс орталығы мәртебесіне ие болған Қонаев қаласы енді тың қарқынмен дамитын болады, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, бұл қадам өңірдегі әлеуметтік мәселелерді тиімді шешуге жол ашады. Алматы облысының экономикалық әлеуеті зор, инвестициялық мүмкіндігі де өте жоғары. Аграрлық-индустриалды өңір болып саналатын облыс тұрақты дамып келеді. Алайда аймақтың жетістіктерімен қатар, шұғыл реттелуге тиіс мәселелері де баршылық. Мемлекет басшысы осы мәселелердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, жергілікті әкімдік пен Үкіметке нақты тапсырмалар берді.

– Біріншіден, аймақтың территориялық теңгерімді дамуын жолға қою маңызды міндет. Бұл бағыттағы ең басты көрсеткіш – азаматтардың әлеуметтік маңызы бар қызметтерге тең дәрежеде әрі кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайын жақсарту. Жыл басынан бері өңірде 686 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгеніне қарамастан, пәтер мәселесі аймақтың ең өзекті проблемасы болып отыр. Облыстың саяжай алаптарын 180 мыңнан аса адам тұрақты мекендейді. Бұған қоса, аймақта ескі, апатты жағдайдағы үйлер өте көп, коммуникация желісінің тозығы жеткен. Сондықтан Үкіметке тұрғын үй құрылысы мен апатты жағдайдағы үйлерді күрделі жөндеу үшін бөлінетін қаржыны ұлғайтуды тапсырамынһ, – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы Үкіметке облыс орталығын дамыту мәселелерін шешуде әкімдікке қолдау көрсетуді тапсырды, сондай-ақ еліміздің барлық аймағын қаланы өркендетуге атсалысуға шақырды.

– Облыс орталығын Қонаевқа көшіру жұмыс орындарын ашу, тұрғын үй қорын ұлғайту, инфрақұрылымды дамыту, көшелерді абаттандыру жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өңірде әкімшілік ғимараттар, тұрғын үйлер, ауруханалар, мектептер, балабақшалар, мәдениет және спорт нысандары жаппай салынады, санаториялық және курорттық аймақтар пайда болады. Облыс орталығын экологиясы таза, өмір сүруге қолайлы «ақылды» қала ретінде дамыту керек. Жаңа облыс орталығына жаңа бас жоспар керек. Бұл ретте қаланың жаңа мәртебесін ескеру маңызды. Онда маңызды ғимараттар, сәулетті ансамбльдер мен нысандар салу үшін архитектуралық байқау ұйымдастыруды қарастырған жөн. Қаланың өзіне тән бірегей стилі болуы керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Алматы облысы халқының саны ең көп аймақтардың қатарында екенін ескеріп, мұнда білім беру және медицина инфрақұрылымын дамытудың маңызды екенін айтты.

– Менің тапсырмам бойынша ауылдың денсаулық сақтау саласын жаңғыртуға арналған ұлттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның аясында осы өңірде үш жылдың ішінде 38 емдеу орны салынады. Алайда мұның өзі жеткіліксіз. Қазір облыс тұрғындары дәрігерге қаралу үшін көбіне Алматыға барады. Сондықтан денсаулық сақтау мекемелерінің тапшылығы қатты сезілмей отыр. Бірақ қаланың мүмкіндігі шексіз емес. Шаһардың медицина инфрақұрылымы шамадан тыс жұмыс істеп жатқаны белгілі. Облыс әкімдігі қай жерге, қанша емдеу мекемесі қажет екенін мұқият зерделеуі керек. Содан соң Үкімет нақты шаралар қабылдайды, – деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев аймақта үш ауысыммен оқытатын мектеп мәселесі әлі шешімін таппай келе жатқанын атап өтіп, 52 мектепте балалардың үш ауысыммен оқып жатқанына назар аударды. Мемлекет басшысының пікірінше, мектеп құрылысына мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы бизнес өкілдерін жұмылдырған жөн. Сондай-ақ алдағы жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 39 мектеп салынады.

Президент Алматыға шамадан тыс жүктемені азайту үшін келешекте Қонаевта «академиялық қалашық» құру идеясын ұсынды.

– Ірі қалалардың жанынан инновациялық орталық құрған елдер аз емес. Үкімет бұл мәселе бойынша жаңа жылға дейін нақты ұсыныс берсін. Әрине, жастардың Алматы сияқты ірі қалада оқып, жұмыс істегісі келетіні түсінікті. Дегенмен Қонаев студенттер үшін өте ыңғайлы қала болар еді деп ойлаймын. Бұл жақта жатақхана салуға жер жеткілікті, пәтер жалдау да қымбат емес. Құзырлы министрлік Қонаев қаласында Алматыдағы жоғары оқу орындары мен колледждердің бөлімшесін ашу мәселесін қарастыруы керек. Сондай-ақ жаңа заманауи университет ашу жайын ойластыруы қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Президент өңдеу өнеркәсібін дамытуды келесі бір маңызды мәселе ретінде атады. Оның айтуынша, Алматы облысы өңдеу өнеркәсібін дамытуға зор үлес қосып келеді. Облыс азық-түлік, сусындар, қағаз бұйымдарын, пластик құбырлар мен өндірістік-шаруашылық мақсатта қолданылатын заттар өндіру жөнінен көш бастап келеді. Құрылыс материалдарының 70 түрін шығаратын өңірдің бүкіл елдегі құрылыс индустриясына негізгі өнім жеткізуші болатындай мүмкіндігі бар.

– Қазіргі таңда облыста екі индустриялық аймақ жұмыс істейді. Тағы екеуі құрылып жатыр. Бұдан бөлек, Алматы мен Қонаев қаласының ортасында салынып жатқан Gate City серіктес қаласының аумағында перспективті жобаларды орналастыру үшін арнайы экономикалық аймақ ашылады. Осы жұмыстарды жандандырған жөн. Қазіргі уақытта 50-ден астам халықаралық компания Ресейден Қазақстанға көшті. Олардың бәрін ірі қалаларда шоғырландыру тиімсіз. Әкімдік мұндай кәсіпорындарды Алматыға жақын, Үлкен Алматы айналма жолының бойына орналастыру мәселесін қарастырғаны жөн, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент Алматы агломерациясын дамыту өте өзекті мәселе екенін атап өтіп, бірқатар ұсыныс айтты.

– «Gate City» серіктес-қаласының инженерлік инфрақұрылымы негізінен дайын. Мұнда тұрғын үй құрылысы басталды. Бұл – бүкіл еліміз үшін маңызды жоба. Оны толық жүзеге асырсақ, өңірдің инвестициялық, өнеркәсіптік және туристік әлеуеті едәуір артады. Ең алдымен, агломерацияның ортақ көлік жүйесін қалыптастырудан бастау керек. Қазір негізгі міндет – осы. Алматы облысының және Алматы қаласының әкімдіктері бұл мәселені бірге қарастыруы керек. Келесі жылы қоғамдық көлікке қатысты түйткілдер толық шешілуге тиіс. Бюджет кодексіне және басқа да құжаттарға тиісті түзетулер енгізген жөн, – деп мәлімдеді Президент.

Президент Алматы облысының энергетика саласындағы әлеуеті зор екеніне тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі таңда аймақта жүзеге асып жатқан Шелек дәлізіндегі жел электр стансасы, Райымбек ауданындағы шағын ГЭС және Еңбекшіқазақ ауданындағы Бартоғай ГЭС-і секілді ірі жобаларды қоса алғанда, жаңартылатын энергия көздері бойынша 24 нысан бар. Облыста өндірілетін энергияның 20 пайызы осы стансаларға тиесілі. Бұл – жақсы көрсеткіш. Алайда еліміз көміртегі мөлшерін азайту міндеттемесін алғанын ескерсек, бізге жаңартылатын энергия көздерінің жиынтық қуатын әлі де арттыра түскен жөн. Оның үстіне электр энергиясын тұтыну қарқынының ұдайы өсуіне байланысты энергия тапшылығы қазірден сезіле бастады. Осы орайда Президент аталған мәселенің тиімді шешімінің бірі атом электр стансасын салу екенін атап өтті.

– Бұл жөнінде өз ұстанымымды тағы да жеткізгім келеді. Елімізде энергия тұтыну көрсеткіші ұдайы өсіп келе жатқан жағдайда оны тұрақты өндіру үшін бізге атом электр стансасын салуға тура келеді. Мамандар Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылын АЭС құрылысына ең оңтайлы орын деп есептейді. Біз бүгінімізді ғана ойлап, түрлі фобиялардың жетегіне ермеуіміз керек. Себебі еліміздің келешегіне қатысты мәселе шешілгелі тұр. Әйтпесе елдің дамуы тұралап, көрші елдерге энергия тұрғысынан тәуелді болу қаупі бар, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселесіне де арнайы тоқталды. Мемлекет басшысы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Алматы облысының мүмкіндігі мол екеніне тоқталып, өңірдегі ауыл шаруашылығы әлеуетін тиімді пайдалану үшін бірқатар міндетті шешу керек екенін айтты.

– Мұндағы арықтар мен каналдар әбден тозған. Бұл жағдай суармалы жерлерді игеруге кедергі келтіріп отыр. Судың көбі жерге сіңіп, босқа ысырап болуда. Соның кесірінен трансшекаралық өзендерге тәуелділік артып барады. Су тапшылығынан 80 мың гектар суармалы жер игерілмей бос жатыр. Биыл Алматы облысының суару жүйесін ретке келтіру үшін республика бюджетінен 5,7 миллиард теңге бөлінді. Бірақ, бұл жеткіліксіз. Үкімет бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, қаржыны көбейту мәселесін қарастыруы керек. Бүгінде Үлкен Алматы каналының жағдайы сын көтермейді. Қазір бұл канал 60 мың гектар жерге су жеткізеді. Бірақ, іске қосылғаннан бері оған бір де бір рет күрделі жөндеу жүргізілмеген. Әкімдік Үкіметпен бірлесіп, бұл жұмысты шұғыл қолға алуға тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Президент агроөнерекәсіп саласында қосымша құны жоғары өнім шығару үшін өндірісті барынша автоматтандыруға, цифрландыруға және оның табиғатқа зиян келтірмеуіне басымдық берілуге тиіс екенін атап өтіп, ауыл шаруашылығы ғылымын дамытудың және бұл салаға инновацияларды енгізудің маңыздылығына тоқталды.

– Геосаяси тұрақсыздық пен жаһандық экономикадағы дағдарыс инфляциялық қысымды күшейтіп отыр. Бұл, әсіресе, азық-түлік нарығында айрықша сезіледі. Қыркүйек айында еліміздегі инфляция 17 пайыздан асты. Әлі де өсіп барады. Бұл азаматтардың нақты табысының азаюына алып келеді. Бағаның өсуіне, негізінен, 20 пайызға жеткен азық-түлік инфляциясы әсер етіп отыр. Бұл көп жағдайда импорттық азық-түлік өнімдерінің қымбаттауына байланысты. Импортқа тәуелділігімізді азайту үшін 2024 жылға дейін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасы іске асырылып жатыр. Мемлекет форвордтық кредит беруге 100 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұл шара шаруаларға көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы атқаруға және күзде өнімін өткізуге кепілдік алуға мүмкіндік береді, – деді Президент.

Бұдан бөлек, Президент өңірде туризм саласын дамыту мәселесіне арнайы тоқталды. Оның айтуынша, Іле Алатауының сұлу табиғаты мен жабайы жануарлар әлемі шетелдік туристерді қызықтыратын бірегей орынға айналып отыр. Сондықтан бұл саланы дамытуға айрықша көңіл бөлу қажет. Биыл «Іле-Алатау», «Шарын», Көлсай көлдері» ұлттық парктеріне 850 мыңдай турист келген. Ендігі міндет – облыс аумағындағы ұлттық парктердің жол және инженерлік инфрақұрылымын қамтамасыз ету. Сондай-ақ Үкімет Қапшағай су қоймасының мәртебесін еліміздің негізгі туристік нысандарының бірі ретінде айқындауы керек.

Президент мемлекетіміз тұрақты дамуы үшін азаматтарымыз бәсекеге қабілетті болуы керектігін айтып, заманға сай мамандық алуға, еңбек пен білім культі орныққан қоғамға айналуға үндеді. Сондай-ақ әлем халықтарының жақсы қасиеттерін бойға сіңіріп, жақсы үрдістерін үйрену үшін тіл білу қажет екенін еске салды.

– Бабаларымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деп айтқан. Шын мәнінде, жастар неше тіл білсе, алдынан сонша елдің есігі айқара ашылады. Бұл туған еліңнің мүддесіне қызмет ету үшін қажет. Дегенмен, ең алдымен, жастарымыз ана тілін – қазақ тілін білуі керек. Ана тіліміз бірінші орында болып, бәріміз үшін негізгі басымдық болуы қажет. Солай болады да деп атап айтқым келеді. Жалпы, біз тіліміз дамымай жатыр деген ойдан арылуымыз керек. Тәуелсіздік кезеңінде оның мәртебесі биіктемесе, төмендеген жоқ. Қаншама ақпарат құралдары хабар таратады. Газет-журналдар, кітаптар шығып жатыр. Қазақша сөйлейтін жастар көбейіп келе жатыр. Жалпы, тілдік орта түбегейлі өзгерді. Қазақ тілін білетін өзге ұлт өкілдері де аз емес. Соған сәйкес қазақша фильмдерге, әндерге және басқа да өнімдерге деген сұраныс жоғары. Мұның бәрі қазақ тілін қолдану аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Сондықтан, алаңдауға еш негіз жоқ. Қазақ тілін пайдаланып, саяси ойындар жүргізудің қажеті жоқ. Осындай теріс түсініктер кейбір елдерді қасіретке ұшыратты. Мемлекет қазақ тілін қолдау үшін тиісті шаралар қолданып жатыр. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра береміз. Өз тілімізді өзіміз ұлықтауымыз керек. Бұл – өте дұрыс. Бірақ өзге тілден бас тартуға болмайды. «Өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін» деген сөз бар. Біз тіл саясатын байыппен жүргізуіміз керек, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Алматы облысы еліміздің демографиясына да елеулі үлес қосып отырғанын атап өтіп, жас ұрпақтың білімді, тәрбиелі, отаншыл, еңбекқор болып өсуі тиіс екенін айтты. Бұдан бөлек, ұрпақ тәрбиесінде ата-ана маңызды атқаратынын жеткізді.

– Ұрпақтың нағыз патриот болып өсуіне оның өз шаңырағында алған тәрбиесі ерекше ықпал етеді. Ата-аналар баласының бойына ең жақсы қасиеттерді сіңіргісі келетіні анық. Дана халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дейді. Бұл сөздің астарында терең мән-мағына бар. Аға буын ұрпаққа нақты іспен үлгі-өнеге бола білгені жөн. Баласын тәрбиелеу үшін ата-ана алдымен өзін тәрбиелеуі керек. Бала көргенін қайталайды. Ата-ана еңбекқор, білімге құштар, ісіне адал болса, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетсе, баласы да сол жолмен жүреді. Бір сөзбен айтқанда, әркім өзінен бастағаны абзал. Сонда ғана біз еліміздің ертеңіне сенімді болып, оны саналы ұрпаққа табыстаймыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан» құру ең жоғары құндылық болуға тиіс екенін атап өтіп, халық пен билік арасында дәнекер болатын қоғамдық кеңес институтының айрықша рөліне тоқталды.

– Бүгінде еліміз бойынша 256 қоғамдық кеңес бар. Былтыр «Қоғамдық кеңестер туралы» заңға өзгерістер енгізілді. Соның нәтижесінде олардың құзыры едәуір кеңейді. Мен осы салаға қоғам өкілдерін көптеп тартуды тапсырдым. Қазір олардың үлесі 86 пайызға жетті. Биыл Ұлттық құрылтай құрылғанын білесіздер. Оған әрбір өңірдің қоғамдық кеңесінен бір өкіл мүше болды. Қоғамдық кеңестер халық пен биліктің арасындағы дәнекерге айналуға тиіс, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, тұрғындар қоғамдық кеңес мүшелерін халықтың өкілі ретінде санап, мемлекет басқару ісіне араласады әрі қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. Қоғамдық кеңеске бюджет қаражатының жұмсалуын қадағалау, өзекті мәселелерді билік органдарына жеткізу, мемлекеттік саясатты жұртшылыққа түсіндіру секілді сан-салалы бағыттар бойынша зор жауапкершілік жүктеледі.

Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе облыстың дамуына еңбегі сіңген бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Атап айтқанда, «Ұлттық қой өсірушілер одағы» кеңесінің төрағасы Тынышбай Досымбеков «Парасат» орденімен, Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны, еңбек ардагері Виктор Волокитин «Құрмет» орденімен наградталды. «Еңбек ері үшін» медалі Жамбыл аудандық «Атамекен» газетінің аға тілшісі Рәпбек Терлікбаевқа, Қарасай ауданындағы «Агропарк «Оңтүстік» ЖШС бас агрономы Қали Қаңтарбаевқа, Қарасай ауданы Абай ауылындағы №2 орта мектебінің директоры Бәтима Нысанбаеваға табысталды.

«Ерлігі үшін» медалімен Қонаев қаласы құтқару бөлімшесінің құтқарушысы Қуаныш Қайыржан, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің инженері Жасұлан Нүсіпов марапатталды.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-almaty-oblysynyn-zhurtshylygymen-kezdesti-199813

Мемлекет басшысы Алматы облысының жұртшылығымен кездесті https://t.co/0ggzxxrNnV pic.twitter.com/EP7Jl16DBF

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) October 19, 2022

Мемлекет басшысы Павлодар облысының жұртшылығымен кездесті
Мемлекет басшысы Павлодар облысының жұртшылығымен кездестіhttps://t.co/JrevLUC3pF pic.twitter.com/QlMRM0B9ex

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) October 5, 2022

Жаңалықтар

Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Павлодар облысының жұртшылығымен кездесті

2022 жылғы 05 қазан

Президенттің Павлодар облысына жұмыс сапары өңір жұртшылығымен кездесуден басталды. Мемлекет басшысы өз сөзінде Павлодар облысы Қазақстанның дамуында маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ еліміздің ең көрікті мекендерінің бірі Ертіс бойына өзінің ықыласы ерекше екенін айтты.

– Павлодар облысында «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидаты айқын көрініс тапқан. Бұл аймақты экономикамыздың энергетикалық жүрегі деуге болады. Жалпы, облыстың дамуы тұрақты. Соңғы 3 жылда Павлодардың жалпы өңірлік өнімі 28 пайызға өсіп, 3,9 миллиард теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда және басқа да салалар қарқынды дамып келеді. Мұның бәрі жергілікті жұрттың тұрмысы жақсарып, әл-ауқатының артуына тікелей ықпал етеді. Еліміз қазір жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформалар кезеңіне қадам басты. Біз алға қойып отырған стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға Павлодар облысы зор үлес қосады деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент өңірдің басты басымдықтарына назар аударды.

Бірінші, аймақтың индустриялық-инновациялық әлеуетін нығайту. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттердің қарқынды дамуы және тұрақты индустриялық өсім электр энергиясы жеткілікті көлемде болған жағдайда ғана мүмкін екенін айтты. Сондықтан Ертіс бойындағы Павлодар Қазақстанның экономикалық дамуында ерекше рөл атқарады. Оның айтуынша, электр энергиясы мұнда жаңа жоғары технологиялық бағыттарды дамытуға мүмкіндік береді.

– Бүгінде халықаралық компаниялар өздерінің филиалдарын Қазақстанға көптеп көшіре бастады. Бұл кәсіпорындар ауқымды ақпарат көздерімен жұмыс істейді және оларды сақтау және өңдеу үшін айтарлықтай күш керек. Осыған байланысты Цифрлық даму министрлігіне жыл соңына дейін Екібастұзда деректерді өңдеудің жаңа орталығын салу жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.

Президент облыстың өнеркәсіптік әлеуетін нығайтумен қатар шағын және орта бизнеске кешенді қолдау көрсету қажет деп санайды. Оның пікірінше, өңір кәсіпкерлері республикалық және тіпті әлемдік деңгейде сұранысқа ие жобаларды жүзеге асыра алады.

Мемлекет басшысы экология мәселелерін шешуді Павлодар облысындағы екінші басым міндет ретінде атады. Сондай-ақ өнеркәсіптің дамуы экологияға үлкен салмақ түсіретінін айтты. Бүгінде елде шығарылатын қалдықтардың үштен бірі осы облысқа тиесілі. Бұл жыл сайын шамамен 700 мың тоннаны құрайды.

– Күнделікті жұмысы бүкіл еліміздің индустриялық өсіміне арналған аймақ тұрғындарын туған өлкесіндегі қоршаған ортаның жай-күйі қатты алаңдатады. Экологиялық жағдай – азаматтардың тұрмыс сапасының маңызды көрсеткіші. Сондықтан өндірістік әлеуетті күшейту мен экологияны қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтау аса маңызды. Естеріңізге сала кетейін, Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі ұстанымын жариялады. Қазір осы маңызды міндетті шешуге мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді стратегия әзірленіп жатыр. Қоршаған ортаға келтірілетін залалды едәуір төмендететін жаңа тәсілдер мен модельдерді өндіріске дәйекті түрде енгізу маңызды. Өңірдің төрт кәсіпорны озық технологияларды пайдалану үшін кешенді экологиялық рұқсат алды. Бұл шығарылатын қалдықтарды 2030 жылға қарай 47 мың тоннаға төмендетеді деп болжанып отыр. Үкімет пен облыс әкімдігі қалған кәсіпорындардың осындай рұқсат алуын жеделдетуі керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент өнеркәсіптердің шығаратын қалдықтарын қайта өңдеу ісін дамытуды тапсырды. Осы ретте күл үйінділері әлі де жергілікті тұрғындар үшін заңсыз пайда табудың көзі болып отырғанын атап өтті. Бұдан бөлек, Үкіметке өңірді газбен қамту жолдарын әзірлеу тапсырылды.

Мемлекет басшысы жергілікті тұрғындарды алаңдатын тағы бір мәселеге назар аударды.

– Жыл сайын Ертіс бойында орналасқан елді мекендердің тұрғындары шыбын-шіркейлердің қаптап кетуінен зардап шегеді. Жәндіктерді улау үшін мол қаржы бөлінеді. Бірақ бұл жұмыстың нәтижелері, әсіресе аудандарда байқалмайды. Егер бұрынғы әдістер тиімсіз болса, онда оның жаңа жолдарын іздеу керек. Мәселені көктемге қалдырып, содан кейін бәрін табиғат жағдайына байланысты деп жаба салуға болмайды. Мамандарды қазір тарта отырып, маңызды халықаралық тәжірибені зерттеген жөн. Шыбын-шіркейлерге қарсы күресте ғылыми әдіс керек және ең бастысы, жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті бақылау қажет, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Павлодардағы экологиялық қозғалыс мүшелерінің жағдайға немқұрайлы қарамайтынын және ерекше белсенді екенін атап өтті. Сондай-ақ Павлодар мен Екібастұз жастарының жақында «EcoStudentKZ» республикалық экологиялық челленджін қолдап, студенттердің саябақтар мен гүлзарларды тазалағанынан хабардар екенін айтты.

– Бұл тұрғыда мен Қазақстандағы көптеген волонтерлардың еңбегін атап өткім келеді. Өздеріңізге мәлім, мен 2020 жылды Волонтер жылы деп жарияладым. Бұл шешім өзін ақтады. Халықаралық ұйымның қызметкері ретінде мен волонтерлық қозғалыспен жаһандық ауқымда айналыстым. Ал Қазақстанда волонтерлық жастардың ынта-жігеріне ғана негізделген маңызды күш деп есептеймін. Біздің жастарымыздың бұл жасампаз күшін, әрине, еліміздің игілігі үшін, халқымыздың игілігі үшін, атап айтқанда, табиғатымызды таза ұстап, қорғау үшін пайдалану керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент облыстағы суармалы жердің көлемін екі есе ұлғайтып, 300 мың гектарға дейін жеткізу керек деп санайды. Сондай-ақ Ертістің суын тиімді, үнемді пайдаланған жөн екенін жеткізді.

Тағы бір маңызды мәселе – өңірдің инфрақұрылымын дамыту. Президент Үкіметке облыс орталығын айналып өтуге жол ашатын жаңа көпір салуды тапсырды. Сонымен қатар жолды күтіп ұстауға және қыс мезгілінде жолдарды тазалау жұмыстарына баса назар аудару қажет екенін айтты. Осы ретте Мемлекет басшысы Астана – Ерейментау – Шідерті» бағытында қар тазалайтын техникаларды көбейту маңызды екенін атап өтті. Үкіметке жыл соңына дейін «Павлодар – Астана» бағытындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру және жергілікті әуежайдың ұшу-қону жолағын жөндеу мәселесін пысықтау тапсырылды.

– Жалпы, өңірдің инфрақұрылымы едәуір инвестиция салуды қажет етеді. Мысалы, облыс орталығындағы жылу желісінің 80 пайызы тозған. Соның кесірінен тұрғындар қыстың көзі қырауда қайта-қайта жылусыз қалады. Екібастұздағы Жылу электр орталығының жағдайы сын көтермейді. Қаланың жылу желісі әбден ескірген. Еліміздегі барлық электр қуатының төрттен бірін Екібастұз өндіреді. Соған қарамастан қыс келген сайын қалаға жылусыз қалу қатері төнеді. Бұл – еш қисынға келмейтін жағдай. Павлодардағы бірінші Жылу электр орталығы мен Екібастұздағы Жылу электр орталығын кезең-кезеңімен жаңғырту керек. Үкіметке акционерлермен бірлесіп, бұл мәселеге қатысты нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Әкімдік инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жоспарын ұсынып отыр. Үкімет оны қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастыруы қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Үкіметке Екібастұз қаласын дамытудың кешенді жоспарына енгізілген жобаларға басымдық бере отырып, қаржыландыру тапсырылды. Президент Павлодардың трамвай жүйесін дамытуды жалғастыру, пойыздарды жаңарту жұмыстарын жеделдету және облыс орталығында көпфункционалды мұз сарайын салу мәселесін пысықтау маңызды деп есептейді.

Келесі бір басымдық – креативті индустрия мен туризмді дамыту. Мемлекет басшысының пікірінше, еліміздің қуаты адамдардың қайратына, біліміне және патриоттығына байланысты. Сондықтан адамға бағдарланған қызмет мемлекеттік саясатымыздың негізгі өлшеміне айналды.

– Ұлттық мәдениетті шетелде насихаттауға және жаңғыртуға Павлодар облысынан шыққан қазақстандық жаңа «мәдени толқын» өкілдері елеулі үлес қосып келеді. Классикалық өнерді бағалай білетіндер Еуропаның үздік опера сахналарында ариялар орындайтын Мария Мудряктың дауысын беріле тыңдап жүр. «Грэмми» сыйлығының иегері Иманбек Зейкеновтің танымал музыкасына дүниежүзі жастары таңдай қақты. Осындай дарынды жастарымыз мәдениетіміздің шетелдегі елшісіне айналды. Наум Григорьевич Шафер секілді туған өлкесінің, елінің нағыз патриоттары да ұлттың рухани баюына үлес қосып отыр. Ол – әлемнің әр бұрышынан (27 мың дана) музыкалық күйтабақтардың құнды жазбаларын жинаған облыстың құрметті азаматы, қадірлі ақсақалы. Оның жинақтарында қазақтың халық әуендерінің алғашқы жазбаларымен қатар жалғыз дана үлгілері де бар. Мұндай адамдар қоғамымызға, әсіресе, жастарға үлгі болуы керек. Қазіргі әлемде шығармашылық индустрия, мәдени-танымдық туризм көптеген елдің экономикалық дамуының маңызды құрамдас бөлігіне айналған. Бұл бағытта облыстың әлеуеті зор, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы өңір тұрғындарын жаңа технологиялық дамуға дайын болуға шақырды. Президенттің айтуынша, бұл үдерістегі ең тиімді жол жұмысшыларды жаңа дағдыларға үйрету болмақ. Осы өңірдің Мұса Шорманов пен Мәшһүр Жүсіп Көпеев секілді біртуар перзенттерін атап өткен Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесін дамыту туралы ойын айтты.

– Біз Жаңа Әділетті Қазақстанды құрамыз. Ал бұл мақсатқа елімізде білім культі біржола орныққан кезде ғана жетеміз. Сол себепті мен ел-жұртпен кездесудің бәрінде бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Жалпы, ғылым және білім саласы әрдайым мемлекеттің назарында. Біз барлық баланың сапалы білім алуына жағдай жасауымыз керек. Осыған байланысты Мен Жолдауда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды ұсындым. Бұл бастаманың аясында Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады. Құрылысты сапалы салып, уақтылы тапсыру – басты міндет. Білім алып, ғылым игерген жұрттың мерейі үстем болады, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев түрлі мамандықты меңгеріп, уақыт талабына бейімделудің айрықша маңызды екенін атап өтті. Бұл елдің бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. Сонымен қатар жастардың үнемі білімін жетілдіріп, өз елінде ғана емес, әлемнің әр бұрышында сұранысқа ие болуға ұмтылуы қажет екенін айтты.

Бұдан кейін Президент еліміздегі сайлауалды науқанға тоқталды.

– Өздеріңізге мәлім, мен еліміздегі ең ірі AMANAT партиясының Төрағасы қызметінен бас тарттым. Конституциялық реформа нәтижесінде Президентке өзінің өкілеттігін атқару кезінде партия қатарында болуға тыйым салынды. Алдағы сайлауға қандай ұйымның атынан қатысатыныма қоғам қызығушылық білдіріп отырғанын білемін. Ашығын айтайын, маған әртүрлі республикалық бірлестіктер мен партиялардан өздерінің атынан үміткер болу туралы ұсыныстар түсіп жатыр. Әсіресе, жастар және басқа да қоғамдық ұйымдардың бастама көтеріп жатқанына қуандым. Осының барлығы азаматтардың кейінгі үш жарым жылда жүзеге асырылып келген реформалар мен өзгерістерге қолдаудың айтарлықтай артқанын көрсетеді. Бірақ жасаған ұсынысы мен сенімі үшін, стратегиялық бағытыма белсенді қолдау көрсеткені үшін барлығына алғыс айтамын. Мен белгілі бір ұйымнан емес, елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың әлеуметтік негізін қалыптастыратын қоғамдық-саяси күштердің ірі коалициясының атынан сайлауға қатысқаным дұрыс болады деп ойлаймын. Сондай-ақ бұл Мемлекет басшысының түрлі партиялармен, бірлестіктермен тең арақашықтық сақтау қағидатын нығайтуға мүмкіндік береді, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, сайлау науқанын заңнамаларды қатаң сақтай отырып жүргізуді қамтамасыз ету маңызды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы ретінде президент сайлауының әділ әрі ашық өтетініне кепілдік берді.

Кездесу соңында Президент Павлодар облысының тұрғындарына мемлекеттік наградалар табыс етті.

«Қаныш Сәтпаев атындағы Канал» РМК директорының кеңесшісі Леонид Баталов «Парасат» орденімен, Жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушы – оқытушы Азамат Мақажанов, Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының перинаталдық орталығының бас дәрігері Айман Оспанова «Құрмет» орденімен және «Қазақстан алюминийі» АҚ учаскесінің бастығы Еркебұлан Хұсайынов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Сондай-ақ «Қазақстан» РТРК меншікті тілшісі Болат Аманбаевқа «Ерен еңбегі үшін» медалі табыс етілді.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-pavlodar-oblysynyn-zhurtshylygymen-kezdesti-59412

Мемлекет басшысы Павлодар облысының жұртшылығымен кездестіhttps://t.co/JrevLUC3pF pic.twitter.com/QlMRM0B9ex

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) October 5, 2022

Мемлекет басшысы Абай облысының жұртшылығымен кездесті
Мемлекет басшысы Абай облысының жұртшылығымен кездесті https://t.co/ErMXxwPMVt pic.twitter.com/eAOODQT002

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) September 30, 2022

Жаңалықтар

Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Абай облысының жұртшылығымен кездесті

2022 жылғы

Абай облысы, Семей қаласы

Президент жергілікті жұртшылықпен кездесуінде Семей қаласының, Абай облысының Қазақстан тарихындағы орны ерекше әрі төл шежіремізде айрықша орны бар өлке екенін атап өтті.

– Бұл – қазаққа Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов сияқты біртуар перзенттерді сыйлаған ұлылар мекені. Абай туған топыраққа келген адам бұл жердің киесін сезінеді, қасиетін ұғады. Семей – ұлы даланың ұлағатты өлкесі. Бұл – Алаш арыстарының ізі қалған, зиялыларымыз елдің болашағы үшін күрескен қастерлі өңір. Семей – ұлттық ғылым мен білімнің, өнер мен мәдениеттің тарихи орталығы. Еліміздегі мұғалімдер даярлайтын алғашқы оқу орны бұдан 120 жыл бұрын осы қалада ашылғаны белгілі. Онда Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Шәкен Айманов сынды ұлт зиялылары білім алған. Ал Семейдегі музыкалық драма театр – қазақтың театр өнерінің берекелі бастауы. Ұлт футболының тұсауы да осы жерде кесілген. Еліміздегі тарихи-өлкетану музейі, қоғамдық кітапхана, архив, телеграф алғаш рет осында ашылған. Сондықтан бұл жерді халқымыз қазақ руханияты тамыр жайған жер деп ерекше қадірлейді, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы өзінің шешімімен Семей қаласына тарихи орталық мәртебесі берілгенін айтты.

– Жалпы, өңірдің тыныс-тіршілігі әрдайым менің жіті назарымда. Осыдан ширек ғасыр бұрын облыс таратылып, Шығыс Қазақстанға қосылды. Содан бері өлкеге бұрынғы мәртебесін қайтару мәселесі қоғамда талай рет көтерілді. Семей өңірінде іргесі бөлек облыс құру туралы бірнеше хат-хабар, ұсыныс алдым. Біз халық үніне құлақ асатын мемлекет құрып жатырмыз. Сондықтан мен биыл халықтың қалауын ескере отырып, осы аймақта жеке облыс құру туралы шешім қабылдадым. Аталған қадам өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жедел шешіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді. Инвестицияның келуіне, өнеркәсіп пен жұмыс орындарының ашылуына, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасайды. Аймақты республикалық бюджеттен тікелей қаржыландыру жүйесі жүзеге асады. Бұл шешім – шын мәнінде, тарихи әділдіктің салтанат құруы. Біз жаңадан құрылған облысты ұлттың ұлы тұлғасына деген ерекше құрмет белгісі ретінде Абай деп атадық. Өйткені Абай – ұлт пен жұрттың символына айналған ұлы тұлға. Семей мен Абай – бір-бірінен ешқашан ажырамайтын ұғымдар. Осы мүмкіндікті пайдаланып, баршаңызды Абай облысының құрылуымен тағы да құттықтаймын! – деді Президент.

Мемлекет басшысы Семейдің халықаралық транзиттік сауданың маңызды орталығы болғанына назар аударып, бүгінде облыс екі ірі көршіміз Ресеймен және Қытаймен шектесіп жатқанын атап өтті.

– Осы орасан зор көлік-логистикалық, сауда-экономикалық әлеуетті толық пайдалану қажет. Болашақта Семей өзіне Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларымен қатар еңбек адамдарын, инновация мен инвестиция тарта отырып, еліміздің қарқынды дамуына үлес қосатын шаһарға айналады деп санаймын. Абай облысы еліміздің дамуына серпін беретін қуатты аймақ боларына сенемін. Біз қайта шаңырақ көтерген облыстың көркеюі үшін барлық жағдайды жасаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан кейін Президент Абай өңірін дамытудың басым бағыттары мен өзекті мәселелеріне тоқталды. Атап айтқанда, Абай облысындағы мектептерде 9 мыңға жуық балаға орын жетіспейді. Алдағы уақытта 11 мектеп пен 14 балабақша салу жоспарланған. Алайда Қасым-Жомарт Тоқаев мұның өзі жеткіліксіз екенін айтты.

– Үкімет пен әкімдікке облыс мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесін біржола шешуді тапсырамын. Біз ұстазды құрмет тұтқан елміз. Бұл сөзіміз нақты іспен бекітіліп жатыр. Арнайы Оқу-ағарту министрлігі құрылды. Біз бұған дейін «Педагогтардың мәртебесі туралы» Заң қабылдап, оның аясында мұғалімдердің жалақысын өсірдік. «Әліппені» қайтардық. Орта білімді дамытуға бағытталған бірқатар жағымды өзгерістер бар. Осындай игі шаралар арқылы біз қоғамда мұғалімнің мәртебесін одан әрі биіктетеміз. Ұстаз біздің қоғамда әрдайым сыйлы тұлға болады. Семей білім беру саласында көш басында жүруі қажет. Батыстың озық университеттерінің бірі Семейде өз филиалын ашса немесе Семейдің жоғары оқу орнымен байланыс орнатса, жақсы болар еді, – деді Мемлекет басшысы.

Семейде еліміздегі негізгі медицина университеттерінің бірі орналасқан. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен білім ордасы жанынан көпбейінді аурухана салу мәселесі қарастырылып жатыр.

– Менің тапсырмам бойынша Семейде онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығы пайдалануға берілді. Балаларды оңалту орталығы салынып жатыр. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында аймақта 65 нысан салынады. Біз ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарымызды оңалту мәселесіне баса мән беруіміз керек, – деді Президент.

Президенттің пікірінше, Семей заман талабына сай, ыңғайлы қалаға айналуға тиіс. Облыс орталығы өнеркәсіптер мен көліктерге емес, қала тұрғындарына қолайлы мекенге айналуы қажет. Семейді дамыту жұмысын жоспарлаған кезде жоғары стандарттарға сай тың урбанистикалық тұжырым керек. Әсіресе, «жасыл қала» идеясына ерекше назар аударған жөн.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Семей қаласының инфрақұрылымы әбден тозғанын айтты. Жазда ыстық су жоқ, ал қыста үйлер жылынбайды. Қаладағы Жылу электр орталығынан шығатын зиянды қалдықтар ауаны шектен тыс ластап жатыр. Бұл мәселелерді түпкілікті шешетін уақыт жетті.

Абай облысы тоғыз жолдың торабында Ресеймен, Қытаймен шектесіп жатыр. Президент осы мүмкіндікті ұтымды пайдалану үшін жолдарымыз сапалы әрі қауіпсіз болуы қажет екеніне тоқталды.

– Еліміздің көлік әлеуетін дамыту үшін Бақты арқылы Қытайға баратын теміржол желісін салуды жоспарлап отырмыз. Бұл теміржолды міндетті түрде салуымыз керек. Үкімет осы мәселемен айналысады. Өңірде «құрғақ порт», «логистикалық парк» салып, көлік дәлізін дамыту аса маңызды. Халықаралық маңызы бар күре жол Семей арқылы өтеді. Сондықтан, ең алдымен, қаладағы екі көпірді жөндеу қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының аграрлық аймақ екеніне ерекше назар аударды.

– Кезінде Семей өңірі бүкіл республикаға, тіпті, алыс-жақын шетелдерге ет, сүт, тері, жүн және басқа да өнімдер шығаратын. Облыстың осы әлеуетін қалпына келтіру қажет. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың жұмысын жандандыру керек. Бұл – аса маңызды міндет. Тағы бір өзекті мәселе – бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару. Мен бұл жұмысты бүкіл ел аумағында жүргізуді тапсырдым. Абай облысында қазірдің өзінде осындай 200 мың гектар жер анықталды. Соның 62 мың гектары қайтарылды. Қайтарылған жерлерді жергілікті шаруаларға әділ үлестіріп, ел игілігіне тиімді пайдалану аса маңызды. Жалпы, бұл жұмыс одан әрі жалғасады, – деді Президент.

Өңірдің жер қойнауы полигонның кесірінен жылдар бойы игерілген жоқ. Сол себепті Мемлекет басшысы облыс аумағында ауқымды геологиялық зерттеу жұмысын жүргізу қажет екенін айтты. Президенттің пікірінше, қазба байлықтар табылады. Тау-кен өнеркәсібі облыс экономикасын жандандырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының күрделі экологиясы халықтың денсаулығы мен тұрмыс сапасына әсер етіп отырғанын атап өтіп, Семей полигонындағы ядролық сынақтардан кейін жүздеген мың гектар жерге залал келгеніне тоқталды. Сонымен қатар Ертіс өзенінің ластануына, шоққарағайды сақтауға назар аударылды. Мемлекет басшысы әкімдікке өңірдің экологиялық мәселесін үнемі назарда ұстауды тапсырды.

– Түрлі экологиялық бастамаларды жүзеге асыру үшін біз тұтас қоғам болып жұмылуымыз қажет. Халықаралық стандартқа және экологиялық нормаларға сай келетін қоқыс жинайтын жаңа полигон салу керек. Бұл жұмыс облыс әкімінің жеке бақылауында болуға тиіс. Энергетика министрлігі Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы заң жобасын әзірледі. Биылғы сәуір айында бұл жобаны Мәжіліс мақұлдады. Енді оны тезірек қабылдап, таза жерді ауыл шаруашылығы үшін пайдалануға беру керек, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірде мәдени-танымдық туризмді дамыту мәселесіне де тоқталды. Мемлекет басшысының айтуынша, теңізге шығатын жолы жоқ ең үлкен мемлекет Қазақстан үшін Жердің континенттік полюсінің біздің территорияда орналасуының символдық мәні бар. Президент бұл нүкте Абай ауданында, Жидебайда Абайдың мұражай-үйінің жанында орналасқанын атап өтті.

– Семейдің бірегей мұрасы мен сәулеттік келбетін сақтау өте маңызды. Облыстың туристік әлеуетін нығайтудың негізгі шарттарының бірі – инфрақұрылымды дамыту. Ең алдымен жол мәселесін шешу керек. Туристер үшін тартымды жерлерге кедергісіз және ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз ету керек. Сондай-ақ мәдени нысандардың коммуналды желілерге қатысты мәселелерін шешу қажет. Ертіс өзенінің жағалауын абаттандыруға ерекше назар аудару керек. Семей қаласының жаңа мәртебесін ескере отырып, оны дамытудың бас жоспарын жаңарту қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент жаңа облыс құру оңай шаруа емес екенін айта келіп, барлық салада жан-жақты және мұқият ойластырылған жұмыс жүргізудің маңызына тоқталды.

– Үкіметке жақын арада Абай облысын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Келешекте облыс өзін-өзі толыққанды қамтамасыз ете алатын, өркендеген аймаққа айналуға тиіс. Қасіретке шалдықса да, қасиетін жоғалтпаған өлкені барынша дамыту – ортақ парыз. Бұл менің Президент ретіндегі парызым деп айтсам, артық емес. Осы орайда, бір мәселеге арнайы тоқталғым келеді. Шын мәнінде, ұлтты жаңғыртудың негізі саясат пен экономикадан гөрі білім мен мәдениетте жатыр деуге болады. Семей өткен ғасырдың басында қазақтың рухани астанасы саналған. Абай бастап, Алаш арыстары жалғаған ұлы жол ұлтымызды есейтіп, мүлде жаңа деңгейге көтерді. Олар қазақтың болашағы қандай болуы керектігін айқындап берді, – деді Мемлекет басшысы.

Президент сондай-ақ қоғамдық сананы түбегейлі жаңғыртумен айналысуымыз қажет екені де айтты.

– Жоғары мәдениет, озық білім және адал еңбек сияқты құндылықтар бұл жұмыстың өзегіне айналады. «Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой» деген хакім Абайдың өсиеті жас ұрпаққа үлгі-өнеге болуға тиіс. Ұлы ақынның атап көрсеткен бес асыл қасиеті біздің бүгінгі мақсатымызбен толық үндеседі. Ұлы Абай «Толық адам» деген ұғымды қазақ қоғамына ұсынған еді. Толық адам, бұл – болмысы кемел, көзқарасы терең, көкірегі ояу, еңбекшіл адам деген сөз. Өздеріңізге мәлім, мен қоғамда жаңа құндылықтар орнықтыру қажеттігі жөнінде үнемі айтып жүремін. Ұлттық құрылтайда, «Жастар рухының» съезінде және Түркістанда жұртшылықпен кездескенде бұған арнайы тоқталдым. Тағы да қайталап айтамын. Жастарымыз үш нәрсенің айрықша маңызды екенін түсінуі керек. Бұл – терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Еуразия құрлығының ортасында орналасқан еліміздің қазіргі халықаралық ахуалға қатысты ұстанымын тағы да айқындап өтті.

– Бүгінде әлемде бұрын-соңды болмаған геостратегиялық шиеленіс байқалады. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі саясаткерлер мен сарапшылар ядролық қарудың қолданылу қаупін қызу талқылап жатыр. Семей ядролық полигонындағы соңғы жарылыстан бері 33 жылға жуық уақыт өтті. Бұл аймақтың тұрғындары «Қырғи-қабақ соғыстағы» ядролық әлеуетпен ақылға қонымсыз бәсекелестіктің барлық қиындығын бастан өткерді. Жақында мен бұл туралы Нью-Йорктегі БҰҰ-ның жоғары мінберінен айттым. Адамдардың денсаулығына, жергілікті экожүйеге орасан зор залал келді. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен полигонды жауып, әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарта отырып, біздің еліміз ядролық қарусыз әлем үшін жаһандық қозғалыс көшбасшыларының біріне айналды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент қазір қоғамда адамдардың бір-біріне деген құрметі мен сенімі азайып бара жатқанын ерекше атап өтті.

– Бұл – өте қауіпті. Қатігездік пен сенімсіздік, немқұрайлылық пен енжарлық – халықты жарға жығатын жағымсыз әдеттер. Біз ел боламыз десек, ең алдымен, жастардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіруіміз керек. Сондай-ақ, өзара тілектестік пен бауырмалдықты әрдайым дәріптеуіміз керек. Мұны Абайдан артық айтқан ешкім жоқ. Ол «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» дегенін білесіздер. Ұлы ойшылдың осы өсиетін ұмытпайық, ағайын! – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтарды дамытуға мемлекет қана емес, бизнес өкілдері де атсалысуы қажет екенін жеткізді.

– Мен осы өңірден шыққан іскер азаматтарды Абай облысын бірге көркейтуге шақырамын. Мектеп, емхана және басқа да әлеуметтік нысандарды мемлекет пен жеке сектордың серіктестігі аясында салуға мүмкіндік бар. Ауыл-аймақты өркендетуге әрбір азамат пайдасын тигізе алады. Ағаш отырғызу, көшелерді, тіпті, ауланы қоқыстан тазарту сияқты қарапайым жұмыстар – туған жерге деген жанашырлықтың көрінісі. Жастарымыз ұқыпты, белсенді, білімді, өз ісіне жауапты болуы керек. Ең бастысы, ізгі ниет, ортақ іске деген тілектестікке адал болуымыз қажет. Мен әрдайым айтып жүрмін. Тағы да қайталап өткім келеді. Отаншылдық құр сөзден емес, нақты істен көрінеді, – деді Президент.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Абай облысының бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады. «Абай атындағы театр» КМҚК артисі Имаханов Бекен және еңбек ардагері Мұқатаев Амантай «Парасат» орденімен, «Семей цемент зауыты» ӨК» ЖШС кран машинисі Пономарева Светлана «Құрмет» орденімен марапатталды. Сондай-ақ «Қайнар Агро» ШҚ суару машиналарының операторы Лебедев Михаилге «Ерен еңбегі үшін» медалі, Көкпекті жолдары» ЖШС-нің директоры Гүлназ Нұрғалиеваға «Шапағат» медалі табыс етілді.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-abay-oblysynyn-zhurtshylygymen-kezdesti-3085257

Мемлекет басшысы Абай облысының жұртшылығымен кездесті https://t.co/ErMXxwPMVt pic.twitter.com/eAOODQT002

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) September 30, 2022