Үкіметтің – Nigeria Gazetesi

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатыстыhttps://t.co/rMT6z2678l pic.twitter.com/ro2A2WD7RU

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) December 12, 2022

Жаңалықтар

Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты

2022 жылғы 12 желтоқсан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу, Үкімет мүшелері, Ұлттық банк төрағасы, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялардың жетекшілері қатысты.

Президент өз сөзінде еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері талқыланып, алда тұрған басты міндеттер айқындалатынын атап өтті.

– Қордаланған мәселелер аз емес. 11 айда экономиканың өсімі 4,6 пайыздан 2,7 пайызға дейін төмендеді. Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті. Қазір бұл көрсеткіш – 19,6 пайыз. Мұндай ахуал жұрттың табысына және әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отыр. Жуырда өткен Президент сайлауы – бұл халықтың бізге артқан зор сенімі және қолдауы. Азаматтарымыз нақты оң өзгерістер бүгін және қазір болады деп үміттеніп отыр. Осы үміт пен сенімді ақтау – алдымызда тұрған ең басты міндет әрі қастерлі парыз, – деді Мемлекет басшысы.

Президент өзінің сайлауалды бағдарламасында еліміздің жаңа даму бағдары айқындалғанын, азаматтардың табысын арттырып, өмір сапасын жақсартуға баса назар аударылатынын атап өтіп, ерекше мән беруді қажет ететін бірқатар мәселеге тоқталды.

Мемлекет басшысы, ең алдымен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселесін көтерді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, ауыл мен қаланың ауқымында шешіле беретін тұрмыстық мәселелерді Үкіметтің деңгейінде қарауға мәжбүр болып отырмыз. Өйткені осы саладағы төтенше оқиғалар тым көп болып кетті. Петропавл, Теміртау, Степногорск, Балқаш, Қарағанды, Ақтөбе және Риддер қалаларында болған апаттардың ешқайсысынан әкімдер мен министрлер, әсіресе, меншік иелері тиісті қорытынды жасаған жоқ.

– Жақында Екібастұзда болған төтенше жағдай бұл саладағы ахуалдың қаншалықты күрделі екенін айқын көрсетті. Қызметкерлердің жауапсыздығы, бақылау жүйесінің қауқарсыздығы мыңдаған адамды жылусыз қалдырды. Жауапты қызметкерлер қысты қалыпты режимде, аман-есен өткіземіз деп есеп берген. Бірақ іс жүзінде жағдайдың қалай болып жатқанын көріп отырсыздар. Павлодар облысының әкімі өз өтінішімен қызметінен босатылды. Ал құзырлы мемлекеттік орган – Энергетика министрлігінің ешқандай әрекетін көрген жоқпыз, бұл мекеме апатқа селқос қарап, бейтараптық танытты. Сондай-ақ төтенше жағдай қызметтерінің жұмысы дұрыс жолға қойылмаған. Олар баяу қимылдап, салғырттық танытты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент тозу деңгейі 90 пайыздан асқан Екібастұз ЖЭС-ін мемлекетке 1 теңгеге сату туралы ұсыныс сараптауды қажет ететінін айтты. Оның пікірінше, нысанға тәуелсіз аудит жүргізу керек. Әбден тозған орталықты мемлекеттің тиімді басқара алу мәселесін зерттеу керек. Кәсіпорынның 50 пайызын алып, меншік иесіне Жылу электр орталығын күрделі жөндеуден өткізуді тапсырған жөн.

– Екібастұз тұрғындарына келтірілген зардапты өтеу шығындары меншік иесі мен республикалық бюджет арасында бөлінуі керек. Үкіметтің алдында соңғы жылдары меншік иелері ештеңе істемеген аса маңызды инфрақұрылым нысандарының әрқайсысын кешенді түрде тексеріп, шешім қабылдау міндеті тұр, – деді Президент.

Мемлекет басшысы еліміздегі ЖЭС-тердің орташа тозу деңгейі 66 пайызға, ал кейбір қалаларда шекті межеден асып, 80 пайызға жеткеніне тоқталды. Жылу электр стансаларының үштен бірінің пайдалануға берілгеніне жарты ғасырдан асқан. Ал Шығыс Қазақстан облысының Риддер мен Шемонаиха қалаларындағы жылумен қамту желілері мүлдем тозған.

Президенттің айтуынша, энергетикалық нысандарды уақтылы жаңғырту ісін бақылауға алу Үкіметке бірнеше рет тапсырылған. Әйтсе де әкімдіктерге де туындаған мәселені орталыққа ысыра салуға болмайды.

– Менің тапсырмам бойынша Президент Әкімшілігі жанынан құрылған арнайы Комиссия кешенді шаралар әзірледі. Соған сәйкес бақылау-қадағалау тетігін күшейтіп, меншік иелерінің жауапкершілігін және жалпы саланың тиімділігін арттыру қажет. Комиссия дұрыс жұмыс істемей тұрған 19 жылу электр орталығын анықтады. Оларды шұғыл жаңғырту қажет. Алдын ала есеп бойынша, оған шамамен 90 миллиард теңге керек. Бұл қаражат, әрине, энергетикалық кәсіпорындардың тарифтік сметасында ескерілгені жөн. Мемлекет меншігіндегі энергетикалық нысандар бюджет есебінен жөнделуге тиіс. Ал жекеменшік нысандарды «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында өз қаражаты есебінен жаңғырту керек. Үкімет осы міндетті шешуге шұғыл кірісуі тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Президент халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселесіне де баса назар аударды.

– Негізгі тағам өнімдерінің қымбаттауы инфляцияның өсуіне себеп болып жатыр. Азық-түлік инфляциясы 24 пайыздан асты.Тұрғындардың ақшалай табысының өсу қарқыны соңғы бес жылдағы ең төмен деңгейде тұр. Елімізде қағаз жүзінде жұмыс істейтін, уақытша жұмыс істемейтін, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз деп көрсетілген 900 мыңға жуық адам бар. Негізгі құжат – Халық табысын арттыру бағдарламасы. Осы құжатты қазіргі жағдайлармен сәйкестендірген жөн, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев өндірістік жарақат мәселесі күрделі проблемаға айналып бара жатқанына тоқталды.

– Биылғы 11 айда өндірісте 1124 адам зардап шекті. Оның 157-сі қайтыс болды. Кейбір кәсіпорында адам өліміне әкеп соқтыратын апаттар тым жиілеп кетті. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы – осының айқын дәлелі. Онда 2006 жылдан бері 20-дан астам апат болып, жүзден астам азаматымыз қазаға ұшырады. Биылдың өзінде 14 адамнан айырылып қалдық. Өткен аптада тағы бір жұмысшы опат болды. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың есебіне қарасақ, компания еңбек, экология және салық заңнамасын белден басып отыр. Инвестициялық міндеттемелерін де орындамайды. Қоғам әділ, қатаң және шұғыл шаралар қабылдауды талап етіп жатыр. Бұл мәселені Үкімет басшысы тікелей бақылауда ұстайды, – деді Президент.

Мемлекет басшысы өзінің тапсырмасымен инвестициялық жобалардың бірыңғай жүйесі әзірленгенін, алайда биыл жоспардағы 284 инвестициялық жобаның 43-і ғана жүзеге асырылғанын жеткізді.

– Мұның бәріне құр цифр ретінде қарауға болмайды. Өйткені соның кесірінен көптеген жұмыс орны ашылмай қалды. Ел экономикасы миллиардтаған теңге қаржыдан қағылды. Сыртқы істер министрлігі шетелден инвестор тарту үшін тиімді жұмыс атқарып жатқанын атап өткен жөн. Елшілер шетелдерде түрлі кездесу өткізіп, елімізге инвесторларды жетелеп әкеледі деуге болады. Бірақ жобаны жүзеге асыратын кезде, жергілікті жерде түрлі мәселе туындайды. Бір сөзбен айтсақ, біз дайын инвесторлардан айырылып қалып жатырмыз. Тағы да қайталап айтамын, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жағдай жасау, яғни жер бөлу, рұқсатнама беру, инфрақұрылыммен қамту – әкімдердің міндеті, – деді Мемлекет басшысы.

Президент баға белгілеуді келесі бір маңызды мәселе ретінде атап өтті. Сондай-ақ азық-түлік бағасын өсірмеу үшін басты бағыттар бойынша нақты жұмыс жүргізу керек екеніне тоқталды.

– Азық-түліктің бағасы жыл мезгіліне қарай қатты өзгереді. Күзде су тегін нәрсе көктемде шарықтап шыға келеді. Мұның шешімі біреу ғана – қойма инфрақұрылымын жасау керек. Бірақ бұл бағыттағы жұмыс баяу жүріп жатыр. Былтыр 83 мың тонна өнім сақтайтын қойма салу жоспарланғанмен, оның 64 мыңы ғана пайдалануға берілді немесе жоспар 77 пайызға орындалды. Биыл жұмыс біршама жандана түсті: 98 мың тонналық қойма салу жоспарланып, соның 87 мың тоннасы қазірдің өзінде іске қосылды. Дегенмен бұл бағыттағы шаруаны әлі де ширата түсу керек. Бүгінгі таңда азық-түлік қауіпсіздігі елді өркендетудің басты шарты екенін түсіну қажет. Агроөнеркәсіп кешенін, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуді дамыту Үкімет пен әкімдер үшін басты басымдық болуға тиіс, – деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев әділ және тиімді экономикалық саясат жүргізілуі керек екеніне назар аударды. Оның пікірінше, елімізде әділ бәсеке орнап, бизнес адал жұмыс істесе, әділетті нарықтық экономика құрылады.

– Экономиканы монополиядан арылту үшін мекемеаралық комиссия құрылды. Бұл комиссия қажетті жұмысты тиімді жүргізіп жатыр. Қазір жеке меншікке заңсыз өтіп кеткен активтерді қайтаруға баса мән беріліп отыр. Бірақ, кейбір мәселелер назардан тыс қалып барады. Экономикаға мемлекеттің қатысуын азайту, монополистерді өзіне жанама қатысы бар нарықтың қызметіне араластырмау – өте маңызды жұмыс. Әкімшілік кедергілерді және нарыққа баға белгілеу арқылы қысым жасауды тоқтату керек. Мысалы, электр қуатын өндіру және оны жеткізу саласы монополистердің қолында. Олар тәуелсіз компаниялардың нарыққа кіруіне шектеу қойып отыр. Біз Электр қуатын бірыңғай сатып алу институтын енгізуге кірістік. Осылайша, тиімсіз делдал компанияларға шектеу қойылады. Өнім өндірушіге қаржы тікелей түседі. Нәтижесінде еліміз барлық өңірлер мен ұйымдар үшін ойға қонымды бағаға қол жеткізуге тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Президент бюджет саясатына арнайы тоқталды.

– Үкімет бюджет тұрақтылығын қамтамасыз етуі керек. Ұлттық қордың трансфертіне тәуелділіктен біртіндеп құтылуымыз қажет. Бір жылдан кейін Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысын балалардың есепшотына аудара бастаймыз. Сол кезде барша азаматтар Ұлттық қордағы ахуалды жіті қадағалап отыратын болады. «Әрбір азамат – ұлттық байлықтың иесі» деген сөз жай ұран емес. Бұл нағыз халықтық, қоғамдық бақылаудың басталғанын білдіреді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы ретте Мемлекет басшысы Үкімет пен Ұлттық банкке алдағы жеті жылда Ұлттық қордың активтерін 100 миллиард долларға жеткізу міндетін жүктегенін еске салды. Сондай-ақ ақшаны азырақ жұмсап, көбірек табыс табу керек екенін ескертті.

Сонымен қатар Президент жер қойнауын пайдалану саласында елеулі түйткілдер бар екенін жеткізді.

– Бас прокуратура Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, жер қойнауын пайдалану ісінің барлық сатысында заң бұзылатынын анықтады. Мемлекеттік жер қойнауын басқару бағдарламасында бұрмаланған немесе ескірген мәліметтер бар. Қоры нақтыланған және игеруге дайын тұрған кен орындарына барлау жұмысын жүргізуге 143 лицензия мен келісімшарт заңсыз берілген. Елімізде құнды пайдалы қазбасы бар кен орындары аз емес. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар осындай 87 кенішті заңсыз алған. Олар байқау өткізу рәсімдерін айналып өтіп, кеніштерді жеке компанияларға су тегін берген. Үкіметке Бас прокуратурамен бірлесіп, заңсыз берілген кен орындарын мемлекет меншігіне қайтару үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдық жерлерді дамыту мәселесіне де арнайы тоқталды. Мемлекет басшысы жаңа президенттік өкілеттігіне кіріскен сәтте, ең алдымен, Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу туралы Жарлыққа қол қойғанын айтып, ауылды өркендетудің мүлдем тың тәсілдері керек екеніне назар аударды.

– Ауыл жұртының көпшілігінде жер үлесі бар. Бірақ халық оның игілігін көре алмай отыр. Азық-түлік қауіпсіздігі бүкіл әлем бойынша басты мәселеге айналды. Биыл біздің елде астық мол шықты. Бірақ егіннің орташа шығымы әлі де төмен. Бұл салада заманауи технологияны қолдану өте маңызды. Шаруаларды осыған ынталандыру керек. Сондай-ақ тыңайтқыштың қолжетімді болуын қамтамасыз еткен жөн. Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу ісін жақсартуға баса назар аудару қажет. Мемлекет жыл сайын агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 350 миллиард теңгеден астам субсидия бөледі. Соған қарамастан, терең өңдеу өндірісі дамып жатқан жоқ. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ұлттық жобасындағы жоспарлар орындалмай жатыр, – деді Мемлекет басшысы.

Президент көтерген тағы бір өзекті мәселе – экономиканы кредиттеу және халықтың көп несие алуына тосқауыл қою.

– Нақты экономиканы кредиттеу ісін кеңейту қажет екенін бірнеше рет айттым. Бизнес қолжетімді қаржыландыруға зәру. Менің тапсырмаммен шұғыл шешімдер топтамасы әзірленді. Ол осы сектордағы қордаланған мәселелерді шешуге бағытталды. Атап айтқанда, зейнетақы жинағының 50 пайызына дейін жеке басқаруға беру үшін БЖЗҚ салымшыларының құқықтары кеңейтіледі. Бұл бизнесті кредиттеуге қажетті «ұзақ мерзімді қаржы» қорын қалыптастырады. Агроөнеркәсіп кешеніне берілетін кредитті арттыру үшін астық қолхаты институты толықтай цифрландырылып, қайтадан іске қосылады. Бұл агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындары үшін сенімді кепіл болады. Экономиканың осы секторын әлдеқайда белсенді кредиттеу үшін жер қойнауын пайдалану құқығына да осындай өзгерістер енгізіледі. Бұған қоса, Үкімет пен қаржы саласын реттеу органдары «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында пайыз мөлшерлемесін субсидиялау мерзімін 7 жылға дейін созу мүмкіндігін қарастырған жөн деп санаймын. Әрине, бұл экономиканың тек анағұрлым басым бағыттарын қамтуға тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент тұтынушылық кредиттің шамадан тыс көбеюін төмендету керек екенін еске салды.

– Бүгінде проблемалық кредиттердің көлемі жарты триллион теңгеге жетті. Миллионнан астам адам өзінің банк алдындағы міндеттемелерін өтеуге жағдайы жоқ. Олардың көбі әбден торығып, ескі борышын жабу үшін жаңа кредит рәсімдеуге мәжбүр. Сондықтан 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Жеке тұлғалардың төлем қабілетін қалпына келтіру және олардың банкроттығы туралы» Заң күшіне енуге тиіс. Сонымен қатар кепілсіз онлайн-микрокредиттеуді қатаң реттеу қажет. Кейбір елдерде оған толықтай тыйым салған. Осы тәжірибені зерттеген жөн, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа әкімшілік реформа жүргізуді тапсырғанын еске салды. Мұндағы басты мақсат – атқарушы билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру.

– Қолданыстағы заңдар мемлекеттік органдарға толық дербестік беріп отырған жоқ. Мысалы, өз саласында нормативтік құқықтық актілер қабылдау үшін олардың құзыреті заң жүзінде бекітілуі керек. Тапсырмалар уақтылы орындалмайды. Шешім дер кезінде қабылданбайды. Сол себепті өзектілігін тез жоғалтады. Осындай түйткілді шешу үшін заңдарға мемлекеттік органдарға өз саласындағы құзыреті шегінде қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік беретін түзетулер енгізіліп жатыр, – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігі жүргізген талдау Үкіметтің қызметінде олқылықтар бар екенін көрсеткенін атап өтті. Мысалы, оның жұмысының жартысына жуығы уәкілетті органдар әзірлеген салалық шешімдерді мақұлдаумен шектеледі.

– Үкіметтің негізгі міндеті – жұмысты үйлестіру және оған басшылық ету. Жаңа әкімшілік реформа аясында заң шығару тәжірибесін жаңғырту қажет. Түрлі деңгейдегі мемлекеттік басқару органдарының орталыққа бағыныштылығын барынша азайтқан жөн. Осыған орай Үкіметке заңнамалық актілерді түгендеуді тапсырамын. Мемлекеттік органдардың негізгі міндеттері мен құзыреттері ғана заң жүзінде бекітілуі керек. Әр саладағы саясатты әзірлеу, оны жүргізу және бақылау құзыреті Үкіметтен орталық мемлекеттік органдарға берілуге тиіс. Орталық пен аймақтар арасындағы құзыреттерді бөлу ісін келесі жылы аяқтау қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент аса маңызды ұлттық жобалардың («Жайлы мектеп», «Ауылдық денсаулық сақтау», негізгі инвестициялық жобалар) орындалу барысын қадағалайтын Президенттің жобалық офисі өз жұмысын бастағанын хабарлады.

– Жобалық басқару саласындағы біліктілік мемлекеттік менеджерлер үшін бүкіл әлемде қалыпты стандартқа айналды. Ал біз оның не үшін керектігін түсіндіруден және орындаушыларды кеңсемен бірлесе жұмыс істеуге үгіттеуден аса алмай отырмыз. Әкімдер жаңа талапқа бейімделе білу керек. Жобалық кеңсе жетекшілеріне де шынайы жағдайға орай ойланып, прагматикалық тұрғыдан әрекет еткен жөн. Заманға қарай бейімделу керек. Әйтпесе, көш соңында қалуымыз мүмкін. Әділетті әрі дамыған мемлекет құру үшін жаңа кадр саясатын жүргізу керек. Алдағы өзгерістер, ең алдымен, адам капиталына қатысты болады. Жаңа кадр саясаты меритократия және кәсібилік қағидаттарына негізделеді, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент келесі жылы орталықта және жергілікті жерде ауқымды кадрлық өзгеріс жасалатынын атап өтті. Оның айтуынша, бастықтардың үнемі бүйрегі бұрып тұратын адамдарымен қоштасуына тура келеді. Олардың орнын жаңа кадрлар басады. Қазақстанға тиімді жұмыс істейтін технократтар қажет.

– Министрлер және әкімдер өзіне қолайлы адамдарды ғана қызметке тағайындайтын әдетті доғаруға тиіс. Министрліктердің өзінде «керек адамын» тағайындау үшін заң талаптарын аттап өтетін немесе қалауынша өзгертіп алатын жағдайлар бар. Бұл әрекеттер барлық жерде кездеседі. Жер инспекциясы, құқық қорғау саласы, ревизиялық комиссия және басқа да бақылау органдары жергілікті биліктің ықпалында болмауы керек. Әділ бәсеке болмаса, кәсіби мамандар мемлекеттік қызметке қызықпайды. Дарынды жастар мемлекеттік қызметке келуге құлықсыз. Аймақтарда тек сол өңірдің азаматтары жұмыс істеуі керек деген қасаң түсініктен арылу керек. Адамның білікті болуы оның туған жеріне байланысты емес. Жұмыстың нақты нәтижесімен ғана бағаланады. Сонымен бірге квазимемлекеттік секторда тәртіп орнататын кез келді. Корпоративтік басқарудың икемді болуы – ойыңа не келсе, соны істеу деген сөз емес. Азаматтарды қызметке тағайындау барынша ашық және әділ болуға тиіс. Себебі бұл – ең алдымен, халыққа тиесілі мекемелер. Президент Әкімшілігі мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы тағайындауларды үнемі бақылауда ұстап отыруы керек. Жеке адамдардың мүддесін көздейтін кез келген әрекетке тосқауыл қойылуға тиіс. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жеке сектордағы білікті мамандарды мемлекеттік қызметке тарту үшін қолайлы жағдай жасауы қажет. Елімізді өркендетеміз десек, бәріміз бір ел болып күш жұмылдыруымыз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдардағы атқарушылық тәртіпті сынға алды. Президенттің айтуынша, мемлекеттік аппарат берілген тапсырмаларды атүсті орындайды. Түрлі себептермен созбалаңға салып, орындалу мерзімі бірнеше рет кейінге шегеріледі.

– Жыл басынан бері Президент Әкімшілігі тапсырмалардың орындалу сапасына қатысты мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың атына 400-ден астам сын-ескертпе жолдаған. Ал осы тапсырмалардың негізгі үйлестірушісі – Үкімет тарапынан қадағалау тиісті деңгейде жүргізілген жоқ. Үкімет қызметін қамтамасыз етуге тиіс Премьер-Министр Кеңсесінің жұмысы тек мемлекеттік органдардың дайын есебін жібере салумен шектеледі. Премьер-Министр Кеңсесінің ведомствоаралық үйлестіру және салааралық мәселелерді шешу жөніндегі рөлін арттырып, Үкіметтің шағын аппараты ретінде кешенді түрде трансформация жасаған жөн. Мемлекеттік орган басшылары жекелеген мәселелер бойынша бұрынғыдай шешім қабылдаудан қорқады. Түрлі желеумен менің немесе Президент Әкімшілігінің мақұлдауын алуға тырысады. Кейде Үкімет мүшелеріне жазбаша тапсырма беруге тура келеді. Әйтпесе тапсырманың орындалмау, жобаның толық аяқталмай қалу қаупі бар. Бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы Жарлық аясында біз Үкімет пен уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын ағымдағы мәселелер бойынша Президент Әкімшілігіне құжат жолдауға тыйым салдық. Алайда бұл тәжірибе әлі жойылған жоқ, – деді Президент.

Жиын барысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов еліміздің даму барысы және келесі жылдың жоспары туралы, Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов ақша-несие саясаты жөнінде, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы жағдайды қалпына келтіру жұмыстарына қатысты баяндама жасады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Алматы қаласы, Маңғыстау және Ұлытау облыстары әкімдерінің баяндамаларын тыңдап, әрқайсысына нақты тапсырма берді.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-ukimettin-keneytilgen-otyrysyna-katysty-12112846

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатыстыhttps://t.co/rMT6z2678l pic.twitter.com/ro2A2WD7RU

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) December 12, 2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі Құрметті Үкімет мүшелері!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзіhttps://t.co/KfbHVBwG23 pic.twitter.com/9GMD4xFxe6

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) July 14, 2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі

Құрметті Үкімет мүшелері!

Құрметті жиынға қатысушылар!

Күрделі геосаяси сын-қатерге қарамастан, еліміз бір қалыпты дамып келеді. Мұны жарты жылдық нәтижеден көріп отырмыз. Экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өсті. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар. Дегенмен, инфляция да бір орында тұрған жоқ. Қазір бұл көрсеткіш 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түсті.

Бірінші жарты жылдықта экономикамыз қалпына келді. Бірақ халықаралық институттар Қазақстанның ішкі жалпы өнімі биыл 2 пайызға ғана өседі деп болжап отыр. Бұған дейін олар өсім 3,7 пайыз болатынын айтқан еді. Сондықтан, Үкімет ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге тиіс. Ең бастысы, азаматтардың нақты табысын арттыру қажет.

Құрметті әріптестер!

Жалпы, еліміздің экономикасы сын-қатерлерге төтеп беріп жатыр деуге болады. Қазір халықаралық институттар әлемдік экономика қарқыны бәсеңдейді деген болжам айтуда. Соған сәйкес инфляция жаппай өсуі мүмкін. Өңірлік дағдарыстың ұзаққа созылып бара жатқанын байқап отырмыз. Тіпті, бұл ахуал жаһандық тоқырауға ұшыратады деген қауіп бар. Осындай жағдайда Үкіметтің және Ұлттық Банктің негізгі міндеті – инфляцияны тұрақтандырып, азаматтардың табысын арттыру болуға тиіс. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашу қажет.

Енді нақты міндеттерге тоқталайын.

БІРІНШІ. Инфляцияны тұрақтандыру

Қазір инфляцияның шарықтап кетуі ең күрделі мәселе болып отыр.Бағаның өсуіне азық-түлік инфляциясы әсер етті. Оның деңгейі 19,2 пайызға жетті. Жалпы, азық-түлік бірден 80 пайызға қымбаттады. Үкіметтің бағаны тұрақтандыруға бағытталған шаралары тиімсіз болып шықты. Үкімет инфляцияны ескі әдіс-тәсілмен тоқтатқысы келеді. Оның өзінде бюджеттен қосымша қаражат бөліп, бағаны жасанды түрде ғана реттеп отыр. Яғни, қымбатшылықтың себебімен емес, салдарымен күрес жүріп жатыр. Ал, шын мәнінде, керісінше болуы керек.

Үкімет бар жауапкершілікті өңірлерге артып қойды. Олар әкімшілік ресурсты пайдаланып, дүкендерді аралап жүр, басқа тәсілдер және жаңа идеялар жоқ. Мұндай жұмыс ешқашан тиімді болған емес. Бір сөзбен айтқанда, нарық заңдылығына сай келетін жаңа ұстаным жоқ.

Более двух лет назад я давал поручение запустить Национальную товаропроводящую систему с сетью оптово-распределительных центров.

Правительство заволокитило его исполнение. Планы и публичные заявления остались на бумаге.

Проекты строительства оптово-распределительных центров по схеме ГЧП совместно с крупными предпринимателями не реализованы.

Поручаю Правительству в октябре доложить, что сделано в этой сфере.

Привлеките заинтересованных инвесторов.

Далее. Сегодня решения о запрете экспорта той или иной продукции принимаются без учета товарного баланса.

Это приводит либо к дефициту, либо к снижению привлекательности производства необходимых товаров. В итоге эффективность подобных мер резко падает.

Правительству следует утвердить Правила формирования баланса ключевых товаров и, самое главное, разработать единую информационную систему мониторинга.

Это позволит иметь достоверные данные об остатках продукции для принятия решений.

Низкую эффективность показывает деятельность стабилизационных фондов. Их воздействие на рынок минимальное. Порой они становятся кормушкой для недобросовестных лиц. С этим надо разобраться.

Регулярно выявляются факты бюджетных хищений.

Акимы утратили контроль за расходованием государственных средств.

Правительством предлагается увеличить объем «оборотной схемы» до 100 миллиардов тенге. У меня вопрос: просчитан ли ожидаемый эффект?

Логичнее было бы кредитовать не торговые сети, а напрямую производителей.

Сейчас не жду ответной реакции Правительства. Нужно обдумать конечное решение с точки зрения эффективности.

Келесі мәселе.

Менің тапсырмам бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі алдын ала сатып алу тәсілдерін кеңірек қолдана бастады. Биылғы шілдеге дейін әлеуметтік маңызы бар 47 мың тонна азық-түлікке қатысты осындай шарттар жасалды. Дегенмен, мұндай көлемдегі тауар ішкі нарыққа айтарлықтай ықпал етпейтіні анық.

Өнімді ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден алдын ала тікелей сатып алу жолдарын айқындау қажет. Мұнымен құзырлы министрліктер айналысуға тиіс. Ауыл шаруашылығы министрлігі осы тәсілді жетілдіру үшін тиісті қауымдастықтарды және нарық субъектілерін жұмылдыруға тиіс.

Тағы бір өзекті мәселе – өнімді сату. Өкінішке қарай, еліміздегі өнімнің бәрі бірдей дүкен сөресінен табыла бермейді. Импортпен қатар, ішкі кедергілер де бар. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің мәселелері де аз емес. Олар тауардың үздіксіз жеткізілуін, өнім сапасының тұрақты болуын қамтамасыз ете алмайды. Басқа да талаптар бар. Әрине, мұның бәрін біртіндеп ретке келтірген жөн. Сондықтан, фермерлерге қолдау көрсету тәсілдерін бірлесе әзірлеуді тапсырамын. Керек болса «Атамекен» палатасын осы жұмысқа тарту керек. Шаруа қожалықтарына ірі сауда желілерімен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік берілуі керек. Мұндай мүмкіндік олардың жұмысын жандандырып, салаға инвестиция тартуға жол ашады.

Отандық тауардың сауда орындарына кедергісіз шығарылуын қамтамасыз ету керек. Бұл – өте маңызды мәселе. Сондай-ақ, өнімге қосылатын бағаны нақты белгілеп, арада жүрген саудагерлер санын азайту қажет. Ол үшін, ең алдымен, жедел түрде тиісті заңнамалық шараларды қабылдауымыз керек. Үкімет «Атамекен» палатасымен бірлесіп, «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық жобасын бастау үшін ұсыныстар әзірлеуге тиіс.

Крайне важно навести порядок в торговой системе, имеющей один из самых высоких уровней теневой экономики – 40%.

Факты спекуляции, манипулирования ценами, создания искусственного дефицита – это далеко не полный перечень нарушений.

Все это закладывается в стоимость товаров и оплачивается гражданами.

Правительству совместно с Генеральной прокуратурой следует выработать меры по усилению ответственности владельцев за содержание рынков, соблюдение честной конкуренции, защиту интересов продавцов от неправомерных действий администрации торговых площадей.

Жду от Правительства и акимов конкретных шагов по повышению эффективности имеющихся инструментов, а также внедрению новых подходов к работе.

В условиях сложной международной обстановки многократно возрастает актуальность продовольственной безопасности.

Рост мировых цен на продукты питания уже достиг 34 %. Цена пшеницы выросла на 47 %, круп – на 18 %.

Из-за засушливой погоды ожидается снижение урожайности в странах Европейского союза, США, Канаде и других.

На этом фоне в Казахстане наблюдается замедление темпов роста сельхозпроизводства.

Производство сливочного масла сократилось на 12 %, обработанного молока – на 7,5 %, сахара – на 5,5 %, сыров – на 3 %.

В то же время объемы импорта выросли на 22 %. В частности, ввоз молока увеличился на 17 %.

Профильное министерство докладывает, что в 2023 году Казахстан достигнет продовольственной независимости по мясу птицы (доля импорта сейчас составляет 40 %), колбасным изделиям (44 %) рыбе (60 %), сырам и творогу (50 %), сахару (60 %), молочной продукции (4 %).

Но мы видим иную картину. К примеру, из ранее введенных семи сахарных заводов сегодня действуют только четыре (в Алматинской и Жамбылской обл.), которые загружены лишь на треть (31 %).

Минсельхозом планируется увеличить долю свекловичного сахара в 6 раз к 2026 году (с 7 до 43 %). Однако за последние четыре года площади сахарной свеклы сократились на треть.

Мы на 90 % зависим от импортного сахара. Здесь можно ссылаться на решения в рамках ЕАЭС, но, в любом случае, это серьезный просчет Правительства. Значит, не защитили позицию государства. Поэтому я объявляю выговоры министрам Бахыту Султанову и Ерболу Карашукееву.

Правительству нужно в срочном порядке разработать отдельный отраслевой проект по развитию сахарной отрасли.

Цель – значительное сокращение импортозависимости, постепенный переход к самообеспечению.

Интерес со стороны внутренних и иностранных инвесторов к этой отрасли достаточно высок, нужны правильные подходы.

Это принципиальный вопрос, имеющий в том числе внутриполитическое значение.

Мы сегодня видим, что происходит в магазинах. Позор!

Ранее по моему поручению был разработан План обеспечения продовольственной безопасности на среднесрочный период.

Но вместо конкретного алгоритма действий в этом Плане только набор благих устремлений. Есть опасность его неисполнения.

Нужно дополнительно рассмотреть актуальный вопрос массового обновления парка сельхозтехники.

Важно задействовать все возможные источники финансирования. Поручаю внедрить механизм льготного кредитования с целью приобретения отечественной сельхозтехники за счет средств оператора РОП.

Без развитого агропромышленного комплекса невозможно говорить об обеспечении продовольственной безопасности. Это аксиома.

Урожайность растениеводства значительно отстает от мировых.

Обеспеченность собственными семенами составляет всего 51 %. По таким позициям, как картофель и сахарная свекла, этот показатель не превышает и 10 %.

Мы сильно зависимы от импортных семян. Правительству следует развивать первичное семеноводство на базе опытных хозяйств. Нужно помочь бизнесу обновить оборудование, а также комплексно стимулировать агронауку.

Производительность и урожайность в решающей степени зависят от соблюдения агротехнологий. В нашей стране фермеры вносят только четверть необходимого объема удобрений. Это связано с их дороговизной.

Наш рынок удобрений критически зависит от импорта и нескольких отечественных производителей.

Вдобавок, недавняя проверка выявила факты завышения цен для отечественных аграриев.

Например, ТОО «Казфосфат» продавало значительные объемы удобрений аффилированной компании (ТОО «KAZ Chemicals Trading House»), которая добавляла до 30 % торговой наценки.

Данную ситуацию удалось исправить мерами антимонопольного реагирования – производитель возвращает свой незаконный доход.

Соответствующие ведомства должны держать вопрос на жестком контроле.

В целом, дефицит удобрений – это мировая тенденция.

Казахстан ежегодно импортирует более 600 тысяч тонн минеральных удобрений, из них 80 % (500 тысяч тонн) – из России.

Правительству нужно принять комплексные меры для недопущения дефицита удобрений и завышения их стоимости.

В Казахстане есть целый ряд калийных и фосфоритных месторождений с разведанными запасами.

Нужно начать их промышленную разработку и наладить производство отечественных удобрений. По-другому от импортной зависимости по удобрениям мы не сможем уйти.

Правительству следует взять данный вопрос на особый контроль.

ЕКІНШІ. Азаматтардың табысын арттыру және адам капиталын дамыту.

Соңғы жылдары халықтың табысы біртіндеп өсті. Былтыр бұл өсім 5 пайыз шамасында болды. Бірақ, Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында жұрттың табысы орташа республикалық деңгейге жетпейді. Бұл көрсеткіш Алматы және Шымкент қалаларында да төмен. Ал, Қызылорда облысында халықтың табысы тіпті азайып кетті. Биыл мамыр айында азаматтардың нақты табысының көрсеткіші минус 2,9 пайыз болды. Мұндай құлдырау көптен бері болған емес.

Халықтың табысын арттыру бағдарламасы қабылданды. Бірақ, оның жұртқа тигізіп жатқан пайдасы шамалы. Ең алдымен, жергілікті жерлерде тиімді жұмыс жүргізілуі керек. Әкімдер жыл сайын әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашуға тиіс. Менің білуімше, бұл бағытта нақты нәтиже жоқ. Тағы да ескертемін. Өңір басшыларының жұмысын бағалаған кезде осы көрсеткішке баса мән береміз. Жұмыс орындарын ашу жұрттың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етеді. Экономиканың тұрақты дамуы да осыған байланысты. Сондықтан Үкімет әкімдермен бірлесіп, бұл міндеттің қалай орындалып жатқанын талдауға тиіс.

Халық саны көбейген сайын тұрақты жұмыс орындары ашылуы керек. Бірақ, Маңғыстау облысында осы мәселе ескерілмеген. Мұнда жөнсіз жүргізілген көші-қон саясатының салдарынан күрделі ахуал қалыптасып отыр. Тұрғындардың саны көбейгенімен, әлеуметтік инфрақұрылым салынған жоқ. Жұмыс орындары ашылмады. Тұрмыс сапасы төмендеп кетті. Жұрт «ҚазМұнайГаз» компаниясына жұмысқа тұрғызуды, жоғары жалақы беруді талап етуде. Ашығын айтқанда, Жаңаөзендегі кен орындарының көпшілігі сарқылып барады. Бұл жағдай баршаға мәлім. Соңғы 15 жылда осы өңірде мұнай өндіру ісі 30 пайызға азайған. Соған қарамастан, жұмысшылар саны 50 пайызға көбейді. Еңбекақы төлеу қоры 10 есе артты. Ал, көп жалақы төленетін үш өңірдің бірі – осы Маңғыстау өлкесі. Нақты айтсақ, Жаңаөзен орташа еңбекақының ең жоғары деңгейі бойынша көш бастап тұр. Үкімет Жаңаөзенді дамыту үшін арнайы жоспар қабылдады. Республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөліп, салықты азайтып отыр. Осындай тікелей қолдау шаралары еліміздің басқа облыстарының есебінен жасалуда. Жұрттың бәріне мұнай-газ саласынан жұмыс тауып беру мүмкін емес. Мұны ашық айтуымыз керек.

Өңірдегі жұмыссыздық ішкі және сыртқы көші-қон үдерісіне байланысты күшейіп барады. Үкіметке ішкі экономикалық ресурстарды жұмылдыратын жаңа тәсілдер әзірлеуді тапсырамын. Бұл ретте, халықты өзге аймақтарға көшіру бағдарламасын түбегейлі қайта қарау керек.

Біз тарихи Отанына оралған қандастарды толық қолдаймыз. Бірақ, тек Маңғыстау өңірімен шектелуге болмайды. Басқа облыстарға, соның ішінде өндірісі дамыған аймақтарға қоныстануға болады. Біз қажетті жағдайды жасауға дайынбыз.

Қазіргі заманда өңірлерде, елдерде, тіпті, құрлықтарда жұмыс күшінің көші-қоны жүріп жатыр. Бұл заңды құбылысқа айналды. Осы үрдіске біздің азаматтар да үйренуі керек. Көрші елдердің азаматтары бұл жағдайға жақсы бейімделді. Біз қандастарымыздың барлық салада, соның ішінде мемлекеттік қызметте жұмыс істегенін қалаймыз. Олар Жаңа Қазақстанды құруға өз үлесін қосады деп сенемін.

Қазіргі таңда жастарды жұмыспен қамтуға баса назар аударатын кез келді. Жыл сайын еңбек нарығына 300 мыңға жуық жастар шығады. Елімізде өскелең ұрпақтың өзін-өзі дамытуына жағдай жасалып жатыр. Бірақ, нақты шараларға қарамастан, жастарды жұмыспен қамту мәселесі толық шешілмей келеді. Кейбір аймақта жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі еліміздегі орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары – соның қатарында. Үкімет және облыс әкімдері осы мәселеге айрықша назар аударуға тиіс. Жыл аяқталғанда тиісті қорытындысын шығарамыз.

Екі мыңыншы жылдары бала саны күрт көбейгені белгілі. Келесі жылдан бастап сол кезеңде дүниеге келген ұрпақ еңбек нарығына шыға бастайды. Осыны ескерген жөн. Сондықтан, жұртты жұмыспен қамту ісіне қатысты тың тәсілдер қолдану қажет. Ал, азаматтарымыз қазіргі замандағы халықаралық нарық үрдісіне бейімделуі керек.

Еліміздің демографиялық, көші-қон, технологиялық даму барысын да ескерген абзал. Бұл мәселенің демографиялық және экономикалық қырын бірдей ұштастыра білген жөн. Үкіметке еңбек нарығын дамыту жоспарын шұғыл әзірлеуді тапсырамын.

Адам капиталын дамыту ісінде білім саласы негізгі рөл атқарады. Біз жуырда Білім және ғылым министрлігін екіге бөлдік. Бұл қадам қордаланған мәселелерді шешу үшін қажет болды. Үкімет және жаңа министрліктердің басшылары отандық білім және ғылым саласын тың серпінмен дамытуға күш салады деп сенемін.

Мен осы жылды Балалар жылы деп жарияладым. Бірақ, соңғы жылдары мектеп қабырғасында зорлық-зомбылықтың көбейіп кеткені алаңдатады. Оның үстіне, толық жабдықталған мектептердің 65 пайызында (яғни, 3 мың мектепте) бейнебақылау жүйесі талапқа сай емес, кейде мүлдем жұмыс істемейді. Жалпы, еліміз бойынша балалар мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол салуы, яғни суицид азайды. Дегенмен, Алматы, Жамбыл, Қостанай және Маңғыстау облыстарында мұндай оқиғалар көбейіп барады. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға, суицидтің алдын алуға, әрбір баланың құқықтарын қамтамасыз етуге арналған кешенді жоспар қажет.

Тағы бір түйткілге тоқталсам. Жекеменшік балабақшаларда балаларды ұрып-соғу деректері бар. Сонымен қатар, жұмыс істемейтін балабақшаларға қаржы бөлу көбейіп кетті. Мұның бәрі олардың қызметі ашық емес екенін, азаматтық жауапкершілігі жоқтығын көрсетеді. Басқаша айтқанда, қоғам талабына сай емес. 2011 жылы балабақшалардың лицензия бойынша жұмыс істеу тәртібін тоқтаттық. Мемлекет бұл қадамға амалсыздан барды. Өйткені, мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен барынша қамтуымыз керек болды. Бұл ретте, жеке сектордың әлеуетін пайдалану маңызды еді. Нәтижесінде 2 және 6 жас аралығындағы балалардың 88 пайыздан астамы балабақшамен қамтылды. Енді қызмет көрсету сапасын арттыратын кез келді. Үкімет осы мәселені мұқият қарастыруы керек. Лицензиялау тәртібін қайта енгізу, ең алдымен, мемлекетке емес, қоғамға қажет шара. Өйткені, басты мақсат – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Келесі мәселе – қосымша білім беру. Бұл – өскелең ұрпақтың қарым-қабілетін дамыту үшін қолға алынған бастама. Қосымша спорттық және шығармашылық білім беру ісіне мемлекет тапсырысы бойынша қаржы бөлінетін болды. Бұл қадам үйірмелер мен секцияларға қатысатын балалардың санын 70 пайызға дейін арттырды. Мұны стратегиялық тұрғыдан дұрыс шешім болды деп санаймын. Дегенмен, жоба іске қосылған жылы бірқатар олқылықтарға жол берілді. Яғни, қаржы мәселесіне және тиісті порталдың («Артспорт») жұмысына қатысты қателіктер болды. Қаржыны артық жұмсау, алаяқтық, ашықтан-ашық жымқыру басталды. Ата-аналар балаларын бірден бірнеше үйірмеге беретін болды. Өкінішке қарай, мұндай теріс пиғыл басқа балалардың жолын кесіп отыр. Кемшіліктің бәрін түзетіп, осы игі бастаманы жалғастыру қажет. Әкімдіктер және мәслихаттар қосымша білімге бөлінетін бюджет қаражаты жетпей қалуы мүмкін деп алаңдап отыр. Білімге салынған қаражат – мемлекет үшін ең басты инвестиция болуы керек. Бұл – өте маңызды мәселе. Түптеп келгенде, дамудың бірден-бір жолы – білім саласы. Сондықтан, бұдан ешкім ұтылмайтыны сөзсіз. Үкімет пен әкімдер жұртшылықпен бірлесіп, жобаны жетілдіруге тиіс. Оны сапалы әрі тиімді жасау қажет. Нақты ғылымдар мен инженерия саласы бойынша қосымша білім беруге айрықша назар аудару керек. Балаларды дене шынықтыру және академиялық тұрғыдан бірдей дамыту қажет. Ауылдық жерде тұратын балаларға баса мән берген жөн. Барлық аймақтағы балалардың қосымша білім алуына мүмкіндігі болуға тиіс. Құзырлы министрлік пен әкімдіктер жобаның жүзеге асырылуын реттеп, жіті бақылауы қажет. Бұған дейін бөлінген қаржының жұмсалуын тексеру керек. Бұл міндет Бас прокуратураға жүктеледі. Анықталған кемшіліктерді Үкіметпен бірлесіп жою қажет.

Үкіметтің басты міндетінің бірі – ана мен баланың денсаулығын сақтау. Өкінішке қарай, сәбилердің өлімі көбейді. Ана өлімі де өсуде. Мен перинаталдық қызметтің жай-күйін тексеруге тапсырма бердім. Оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдануы керек еді. Бірақ, барлық жұмыс аудит деңгейінде тоқтап қалды. Қазіргі перзентханалардың көбі халықаралық стандарттарға сай емес. Сондықтан шұғыл шаралар қабылдап, осы мәселені шешу қажет.

Жалпы, денсаулық сақтау саласы туралы айтар болсақ, мұнда түйткілді мәселелер көп. Қазақстанда созылмалы ауру салдарынан қайтыс болу көрсеткіші өте жоғары. Әсіресе, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдермен салыстырғанда біздегі ахуал өте нашар. Медицина саласына бөлінген қаржы көлемі артқанымен, мұнда қордаланған мәселелер шешімін таппай отыр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі тиімді болмады, нақты нәтиже жоқ. Үш миллионға жуық адам медициналық сақтандырудан тыс қалған. Соның кесірінен олар денсаулық сақтау саласындағы қызметтерді толық пайдалана алмайды. Үкімет Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп, медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауы керек.

Келесі өзекті мәселе – денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру. Бұл жұмыс өте баяу жүріп жатыр. Жалпы, цифрландырудың қазіргі деңгейі дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп отырған жоқ. Денсаулық сақтау саласында 40-тан астам ақпараттық жүйе жұмыс істейді. Әр жүйенің өз кемшіліктері бар. Министрлік болса, жауапкершіліктен қашып, нақты шешім қабылдамай отыр. Ал, мұның зардабын дәрігерлер мен азаматтар тартуда. Үкімет осы мәселені тез арада шешуі керек.

Енді, күн тәртібіндегі шұғыл мәселелерге тоқталайын.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді. Соңғы екі аптада науқастардың саны 30 пайызға артқан. Біздің елде де ахуал күрделене түсті. Алматы «қызыл» аймаққа қайта кіруі мүмкін. Негізгі себеп – тұрғындар мен дәрігерлердің қауіпсіздік шараларын сақтамауы. Мекемеаралық комиссияның жұмысын күшейту қажет. Сондай-ақ, ревакцинация науқанын жандандырған жөн. Бұл жұмыста ешқандай асыра сілтеу болмауы керек. Шағын және орта бизнестің мүддесін ескерген абзал.

И в завершение по данному блоку. По моему поручению Администрация Президента координирует разработку двух пилотных национальных проектов: «Комфортная школа» и «Модернизация сельского здравоохранения».

Они имеют четкие задачи и сроки реализации, ориентированы на конкретные результаты.

Напомню, о чем идет речь.

Нацпроект «Комфортная школа» предполагает строительство около 840 тысяч ученических мест по новым строительным стандартам, оснащенных современным оборудованием.

Проект нацелен на решение вопроса трехсменного образования, аварийных школ, единообразия условий получения образования.

Нацпроект «Модернизация сельского здравоохранения» позволит обеспечить все села положенной медицинской инфраструктурой.

Он охватит 650 населенных пунктов с более чем 800 тысячами граждан. Запланирована модернизация 32 районных больниц до уровня многопрофильных медучреждений.

В результате расстояние для получения экстренной и среднетехнологичной медпомощи сократится с 500 до 200 километров.

Правительству в рамках бюджетного процесса до сентября текущего года следует провести все расчеты и принять необходимые меры для реализации указанных нацпроектов.

ТРЕТЬЕ. Совершенствование денежно-кредитной и налогово-бюджетной политики

Приходится констатировать, что за все время существования отечественной финансовой системы нам не удалось добиться полноценного функционирования процентного канала.

Это снижает эффективность денежно-кредитной политики – одного из главных механизмов управления экономикой.

Для решения этой проблемы требуются комплексные меры как со стороны финрегуляторов, так и со стороны Правительства.

Недостаточно действенная монетарная политика также ограничивает развитие финансового сектора. И наоборот.

Сегодня наблюдается ситуация, когда на фоне бурного роста потребительских займов сокращается доля корпоративного кредитования – ключевого фактора экономической активности.

За пять лет доля корпоративных кредитов в общем объеме выданных займов уменьшилась с 68 до 41 %.

Любой мало-мальски значимый проект приходится кредитовать либо за счет государственных институтов развития, либо за счет займов международных финансовых организаций. И это при том, что в банках имеется 11 триллионов тенге высоколиквидных активов. Это, по сути, катастрофическая ситуация, без всякого преувеличения.

Финансовый регулятор отчитывается о принятых мерах в части ослабления пруденциальных нормативов. Однако, как показывают данные, этих мер недостаточно.

Поэтому Национальному банку, Агентству по регулированию финансовых рынков совместно с Правительством необходимо выработать дополнительные рычаги и стимулы для вовлечения банков в кредитование реального сектора экономики.

Сохраняет свою остроту вопрос справедливого распределения доходов между уровнями бюджетов.

В условиях жесткой фискальной централизации система распределения доходов необъективна.

Все регионы, за исключением четырех, превратились в дотационные и зависят от центра. По сути, они не мотивированы увеличивать собираемость налогов.

В результате образуется нехватка собственных средств.

Местные бюджеты покрывают только пятую часть от необходимого финансирования.

Остальное возможно получить только «договорившись» с центром. Об этом я уже говорил.

Все изменения в текущих бюджетах требуют рассмотрения на заседаниях Республиканской бюджетной комиссии и маслихатов, что часто приводит к излишней бюрократии и затягиванию сроков.

В итоге социальные ожидания граждан не оправдываются. Имеются факты, когда строительно-монтажные работы начинаются лишь на третий год.

При этом сложившаяся система ставит во главу угла своевременность и полноту освоения бюджетных средств. А эффективность расходов и качество выполненных работ остаются на втором плане.

Новая налогово-бюджетная политика должна максимально децентрализовать финансово-экономические функции в пользу регионов.

На местный уровень можно передать значительное количество статей доходов и расходов, ужесточив при этом спрос за их реализацию.

Только в этом случае повысится роль и ответственность местных властей за конечный результат.

Мною уже давались конкретные поручения по совершенствованию бюджетного планирования, межбюджетных отношений, системы оценки. Однако результат минимальный.

Мои претензии адресуются Минфину. Поручаю АСПИР совместно с регионами и экспертным сообществом подготовить пакет практических реформ по всем вышеуказанным приоритетам.

Реформы должны в полной мере удовлетворять интересы граждан и бизнеса.

Начата работа по противодействию незаконной концентрации экономических ресурсов и возврату незаконно полученного имущества.

Были созданы соответствующие комиссии, активность которых в последнее время заметно снизилась.

Следует более оперативно принимать меры, направленные на демонополизацию товарных рынков и возврат капитала.

Вместе с тем необходимо исключить любые перегибы и злоупотребления по отношению к добросовестному бизнесу.

А такие факты у нас имеются. На местах то и дело продолжается давление на предпринимателей.

Если так будет продолжаться, примем жесткие меры в отношении самих сотрудников правоохранительных органов.

ЧЕТВЕРТОЕ. Поддержка реального сектора экономики

Мы являемся свидетелями глобальной борьбы за инвестиционный капитал.

Каждая вторая из почти 1 400 крупных зарубежных компаний приостановила деятельность или полностью ушла с российского рынка.

Правительству следует создать благоприятные условия для их релокации в Казахстан. Это даст нам хорошие возможности для наращивания производства товаров средних и верхних переделов.

Я поручал Правительству подготовить пул инвестиционных проектов в сфере обрабатывающей промышленности и отработать его с потенциальными инвесторами. Данная работа все еще ведется в режиме совещаний и встреч.

В части конкретных результатов пока мало чем можно похвастаться. Новых проектов, по существу, нет.

Еще раз подчеркиваю: проекты прежде всего реализуются в регионах, на местах. Поэтому спрос за их привлечение и доведение до конечного результата с акимов будет такой же, как с министерств.

У нас есть планы по стимулированию инвестиций в разработку недр. Важная задача – обеспечить прозрачность и эффективность работы геологической отрасли страны.

Мы много говорим об этом, даже создали отдельное министерство. Однако отсутствие прозрачности и кулуарное принятие решений по сей день сдерживают развитие отрасли – обогащаются люди, имеющие доступ к геологической информации.

Подковерную раздачу участков различным фаворитам и дельцам допустить нельзя. Я уже об этом говорил.

Правительство уже несколько лет обещает создать оцифрованный банк данных минеральных ресурсов с открытой геологической информацией. Средства были выделены, но эта важнейшая задача до сих пор не исполнена и забалтывается под разными предлогами.

В лучшем случае речь идет о непрофессионализме, в худшем – о преднамеренном саботаже. И то, и другое, предупреждаю, чревато серьезными последствиями для исполнителей.

Это касается прежде всего профильного министерства, но также и других ведомств. Что касается профильного министерства, то я объявляю министру выговор.

Во-первых, выговор за то, что я уже сказал. А также за то, что затеяли непонятную волокиту и дискуссию вокруг дальнейшей судьбы популяции сайгаков. Зачем это все выводить на такой уровень общественного обсуждения?

Нужно профессионально подойти к этому вопросу, с учетом менталитета нашей нации.

Действительно, сайгаки являются для казахов священными животными. Вносится предложение, чтобы изъять из природного ландшафта 80 тысяч сайгаков, то есть убить их. Но есть, видимо, и другие методы. Посоветуйтесь со специалистами, это же крайние меры. Я не исключаю, что, возможно, придется прибегнуть и к этой мере. Но это крайняя мера, подчеркиваю. Нужно профессионально подходить к этому вопросу.

Что касается вышеуказанного вопроса, Правительство должно доложить о причинах затягивания запуска Национального банка данных.

В целом, цифровизация идет медленно, на мой взгляд, неудовлетворительно. Я поручал улучшить работу национального холдинга «Зерде», который подвергся критике Счетного комитета. Премьер-министру как куратору цифровизации следует обратить особое внимание на этот вопрос.

Министру я делаю замечание. Я считаю, что вы неудовлетворительно работаете, подводите Премьер-министра.

Неэффективная политика сохраняется и в сфере недропользования. По моему поручению проводится масштабная ревизия неиспользуемых месторождений с дальнейшей их передачей добросовестным инвесторам. Но результаты пока не впечатляют.

Имеются также многочисленные факты незаконной добычи ископаемых и действия контрактов с истекшими сроками.

ПЯТОЕ. Обеспечение энергетической безопасности

Несмотря на проведенную модернизацию отечественных нефтеперерабатывающих заводов, в стране ежегодно возникает дефицит нефтепродуктов.

По моему поручению проведена проверка их деятельности.

Так, за 2020-2021 годы зафиксировано 410 фактов внепланового простоя (на Атырауском НПЗ – 372 (!), Павлодарском – 14, Шымкентском – 24).

Текущая процессинговая схема переработки нефти позволяла неэффективным посредникам получать основную долю доходов, тогда как заводы оставались недофинансированными.

Было принято решение перейти на комбинированную схему, которая предусматривает осуществление маркетинга нефтепродуктов нефтедобывающими компаниями и самими НПЗ.

Это позволит им увеличить доходы, которые можно направить на модернизацию производства и повышение заработных плат.

Далее. Эффективность национальных компаний – это по-прежнему серьезная проблема.

Сохраняется большой объем административных расходов в национальных и квазигосударственных компаниях.

Это недоработка руководства

«Самрук-Казына». Многое сделано, но дел еще непочатый край.

Нужно пересмотреть базовые нормативы положенности для обеспечения нормального функционирования Фонда.

Сохраняет свою актуальность задача перезагрузки его деятельности.

Вместо выстраивания эффективной операционной среды и корпоративного управления «Самрук-Казына» по-прежнему напрямую вмешивается в операционную и закупочную деятельность, кадровую политику портфельных компаний.

Тогда о каком корпоративном управлении, о каком IPO можно говорить в данном случае?

Поручаю АСПИР совместно с Правительством и Фондом подготовить конкретные предложения по дальнейшей реформе квазигосударственного сектора.

Следующее. По оценкам экспертов, осенью в стране может возникнуть дефицит дизельного топлива (100 тысяч тонн).

Эта ситуация складывается из года в год, и всякий раз во время уборочных работ.

Основной аргумент Правительства – вымывание топлива с нашего рынка транзитным транспортом и жителями приграничных регионов соседних стран.

Но проблема несколько глубже – существуют организованные, налаженные годами схемы по вывозу отечественных нефтепродуктов в близлежащие государства.

АФМ нужно разобраться с этим вопросом. Представьте мне информацию, кто конкретно этим занимается. Затем примем окончательное решение.

Также поручаю Правительству, Агентству по защите конкуренции выработать дифференцированные цены на нефтепродукты для транзитного транспорта и по периметру границы.

Это снизит ценовой диспаритет с соседними странами и не отразится в целом на ценах для наших граждан.

Ключевую роль в экономическом и социальном благополучии Казахстана играет газовая отрасль.

За счет введения новых промышленных объектов и газификации страны потребление газа на внутреннем рынке ежегодно увеличивается.

За последние 10 лет объемы потребления газа на внутреннем рынке выросли более чем в два раза –

с 9 до 19 миллиардов кубических метров.

Дефицит газа в стране прогнозируется уже в следующем году.

При этом нужно понимать, что переориентация газа с экспортного на внутренний рынок – вынужденный шаг, который ведет к потере валютной выручки и ухудшению торгового баланса.

Поэтому для решения данной проблемы необходимы системные меры, в том числе по увеличению ресурсной базы и переработки газа.

Только нарастив добычу и переработку газа, государство сможет получать экспортную прибыль и в полной мере обеспечивать внутренние нужды.

Поэтому для новых проектов по добыче газа следует проработать фискальные преференции.

Правительство также должно четко распределить функции между соответствующими национальными компаниями.

Мы были вынуждены до конца текущего года продлить ценовое регулирование на розничную реализацию сжиженного нефтяного газа.

Однако искусственное сдерживание цен в будущем может привести к дефициту. Это закон рынка.

Поэтому Правительству необходимо принять меры по запуску торгов, не допустив при этом ценовых перекосов.

Как вам известно, в июне завершился мораторий на повышение тарифов на энергию.

С учетом высокого износа оборудования и необходимости подготовки к отопительному сезону приходится ожидать повышения тарифов.

К этому вопросу следует подойти взвешенно, не допустив резкого скачка и исключив любую избыточную маржинальность компаний.

Крайне важно обеспечить поддержку социально уязвимых слоев населения.

Правительству необходимо перейти на проактивный формат социальной поддержки, сделав ее более адресной.

Социальную карту семьи необходимо довести до ума, чтобы она, наконец, стала реальностью. Первоначальная концепция проекта неоднократно менялась из-за участия в ее разработке нескольких ведомств.

Поручаю Правительству до конца года запустить Цифровую карту семьи и внедрить Социальный кошелек.

Нельзя забывать и об имеющемся дефиците энергомощностей. Согласно планам энергобаланса, в этом году мы должны были ввести более 1 гигаватта мощностей. Однако реализация ряда проектов отложена. В текущем году будет введен только 31 % от планировавшихся мощностей (347 МВт).

В условиях энергодефицита такие темпы неприемлемы. Надеюсь, в Правительстве понимают это.

Недостаточными темпами идет и усиление электрической сети Южной и Западной зон единой энергосистемы страны. В настоящее время работы по Западной зоне завершены только на 10 %.

Необходимо принять все меры для своевременной реализации проектов. От этого зависит энергетическая безопасность Казахстана.

АЛТЫНШЫ. Автожол инфрақұрылымын дамыту

Біз бір апта бұрын еліміздің көлік-транзит әлеуетін дамыту мәселелері туралы арнайы жиын өткіздік. Бүгін автожол инфрақұрылымы саласындағы түйткілдерге ерекше тоқталғым келеді. Биыл 11 мыңнан астам шақырым жолға әртүрлі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұған 600 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Жөндеу жұмыстарын созбалаңға салуға болмайды. Жобаларды жүзеге асыру барысын қатаң бақылауға алу қажет. Жолдың сапасына айрықша назар аудару керек. Еліміздің жолдары нашар екені және жол құрылысы саласын жемқорлық жайлағаны ешкімге жасырын емес. Тіпті, басқа жерді айтпағанның өзінде Ақордаға апаратын жолдың өзі жамау-жамау, құрақ көрпеге ұқсайтын болды. Жалпы, бұл салада қордаланған мәселе көп. Тендерді жыл сайын бірді-екілі компания ғана ұтып алады. Мұндай жағдайдың қайталанып келе жатқанына ондаған жыл болды. Осының бәрін ретке келтіру үшін шұғыл шаралар қабылдау керек. Жарты жыл өтті. Ал, жол жөндеуге бөлінген қаражаттың 44 пайызына мемлекеттік сатып алу қорытындысы жасалған жоқ (464 млрд. теңгенің 263 млрд. теңгесі бойынша мемлекеттік сатып алу қорытындысы бар). Бұл жұмыс Павлодар (17%), Маңғыстау (24%) және Батыс Қазақстан (27%) облыстарында өте баяу жүруде.

Келесі мәселе. Қазақстанда жол құрылысына қажетті материалдың бәрі бар. Бірақ, отандық өндірістің әлеуеті толық қолданылмайды. Мұны, тіпті, қолдан жасалған тапшылық деуге болады. Мысалы, елімізде битум өндіретін үш зауыт бар. Соған қарамастан, 200 мың тонна битум жетіспейді. Құрылыс қарқынды жүрген кезде оның бағасы үш есе (яғни, бір тоннасы 90 мыңнан 250 мың теңгеге дейін) қымбаттайды. Үкіметке жол құрылысына қажетті ресурстарды өндіру және тұтыну барысын мұқият саралауды тапсырамын.

Соның негізінде құрылыс материалдарын шығаратын жаңа кәсіпорындар ашу қажет. Ал, жұмыс істеп тұрған нысандарды жаңғырту керек.

Тағы бір маңызды мәселе – мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу. 2019 жылдан бері автожол саласында құны 1,5 триллион теңге болатын мемлекеттік келісім-шарттар жасалды. Соның 40 пайызын шетелдіктердің қатысы бар компаниялар ұтып алған. Біз шетелдік серіктестерімізге қолдау көрсетеміз. Олар үшін нарық әрдайым ашық болады. Бірақ, отандық компанияларымыз белсене қатыспайды. Үкімет жергілікті кәсіпорындар үшін бәсекелі орта қалыптастыруы керек. Кейбір ірі компаниялардың еңбек және материалдық ресурстары жеткіліксіз. Соған қарамастан, олар тендерді ұтып алып, жұмысты мердігерге ысыра салады. Осындай ахуал жылда қайталанады. Тіпті, жұмыстың 100 пайызы басқа мердігерге тапсырылғаны жөнінде мәліметтер бар. Мысалы, Қарағанды–Балқаш автожолын (363 шақырым) жөндеу жұмыстары 2019 жылдан бері жалғасып келеді. Бұл жобаның жалпы құны – 248 миллиард теңге. Бас мердігері осы жұмысты басқа компанияға тапсырды. Ал, бұл компания барлық жұмысты қосалқы мердігерге ысыра салған. Тіпті, 22 пайыз көлеміндегі үстеме ақысын да ұстап қалған.

Тағы бір өзекті мәселе – жол бойында заманауи қызмет көрсету ісін ретке келтіру. Қазір елімізде осындай 1600 нысан бар. Оның 68 пайызы ғана ұлттық стандартқа сай келеді. Транзит тұрғысынан өте маңызды Түркістан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарындағы жағдай өте нашар.

С текущего года бизнесу возмещается 10 % от стоимости объекта, подъезды к ним строятся за счет бюджета. Введено субсидирование затрат на содержание санитарных узлов. Для бизнеса созданы все условия, теперь акимам на местах необходимо организовать качественную работу.

Келесі мәселе – автожол саласына қатысты. Бұл салаға түбегейлі реформа жасайтын уақыт жетті. Қазір еліміздегі жолдың жай-күйін қадағалап, қызмет көрсететін екі негізгі оператор бар. Турасын айтсақ, екеуі де бір жұмысты атқарып отыр, жұмысшыларының саны да қажетті шамадан артық. Соған қарамастан, азаматтардан келіп жатқан орынды арыз-шағымдар азаяр емес, ал жолдың сапасы мүлде сын көтермейді. Үкіметке «ҚазАвтоЖол» және «Казахавтодорды» біріктіріп, Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырамын. Нәтижесінде қызметкерлердің саны да қысқаратын болады. Жалпы, бұл саланы кешенді түрде қайта жаңғырту керек. FIDIC халықаралық қағидаттарын енгізген жөн. Оны жүзден астам ел пайдаланып отыр. Бұл жүйе жол саласын тиімді басқаруға, бюджет қаражатын ұтымды пайдаланып, барлық деңгейдегі жемқорлық қаупін азайтуға мүмкіндік бермек. Мұндай жүйеге көбі қарсы болады. Бұл жерде министрдің және тиісті вице-премьердің нық ұстанымы қажет. Тұтастай алғанда, осы мәселе бойынша арнайы комиссия құру керек. Оған Үкімет мүшелерін, Президент Әкімшілігі, құқық қорғау органдарының өкілдерін, депутаттарды қосқан жөн. Жарты жыл ішінде барлық кемшілікті, соның ішінде жемқорлықты және олқылықтарды түзетуге бағытталған ұсыныстарды әзірлеп, маған баяндау қажет.

Эта комиссия должна тщательно расследовать все нарушения, которые были допущены в прошлом, как минимум, за 10 лет, в строительстве дорог в нашей стране. Всех виновных в плохом качестве дорог следует привлечь к ответственности согласно закону.

Жалпы, Үкіметтің жұмысына орташа деген баға беруге болады. Үкімет табандылық танытуға тырысуда. Бірақ, қазіргі кезеңде босаңсуға болмайды. Жұмыс қарқынын барынша күшейту қажет. Жаңа, тың әдіс-тәсілдерді қолдану керек. Үкімет жедел әрекет ететін оперативтік штаб қана емес, нақты реформаларды ұсынатын және жүргізетін басты мемлекеттік мекеме болуы керек. Экономистер, кәсіпкерлер көп. Шетінен білімді, дарынды. Бірақ, олардың нақты ұсыныстары аз, тіпті, жоқ деп айтуға болады. Күзге қарай, мүмкін, кадрлық шешімдер қабылдау керек болады. Ерекше дағдарыс жағдайында бұл өте қажет екені түсінікті.

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kk-tokaevtyn-ukimettin-keneytilgen-otyrysynda-soylegen-sozi-1464514

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзіhttps://t.co/KfbHVBwG23 pic.twitter.com/9GMD4xFxe6

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) July 14, 2022