Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
İstanbul °C

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады

REKLAM ALANI
23.08.2022
A+
A-

 

 

 

Жаңалықтар
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады

2022 жылғы

Аймақ әкімі Мемлекет басшысына Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика бар екенін айтып, стратегиялық даму жобасы туралы баяндады.

Дамудың негізгі 5 бағытынан тұратын құжат 2 кезеңді қамтиды. Ол 2025 жылға дейін және 2030 жылға дейін жүзеге асырылмақ. Алматы облысында таяу уақытта инвестицияның өсімін 455 миллиард теңгеден 686,5 миллиард теңгеге дейін арттыру жоспарланған. Осы мақсатта құны 618 миллиард теңге болатын әрі 7 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 132 жобаның инвестпортфелі жасақталған.

Облыс әкімінің айтуынша, Алматы агломерациясының аймақаралық жоспарына сәйкес, облыстағы нысандар инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ аймақтағы ең өзекті проблеманың бірі – үш ауысымды мектептер мәселесі қалай шешілетіндігі айтылды. 2025 жылға дейін «Жайлы мектеп» жобасымен 51 мектеп салу жоспарланған. Себебі облыста үш ауысымды мектептер көп. Сонымен қатар облыс жетекші жоғары оқу орындары мен колледждердің филиалдары, дарынды балаларға арналған мектеп лицей, «G 4 City» аумағында медициналық хабы мен ғылыми-білім беру аймағы бар «Gate District» ашылады, «Білімді ұлт» ұлттық жобасының аясында 11 колледждің материалдық-техникалық базасы нығайтылады.

Президентке ұсынылған мәліметтерге сәйкес, өңірде 38 медицина нысаны салынады. Оған қоса, облыс орталығында 500 орындық көпсалалы аурухана құрылысы жобаланған.

Облыс экономикасын дамытудың негізін қайта өңдеу секторы, агроөнеркәсіптік кешен, көлік, логистика және туризм құрамақ. Өңір басшысының айтуынша, қазірдің өзінде облыста 2626 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін құны 290 миллиард теңгелік 23 жоба іске асырылып жатыр. Агроөнеркәсіп кешені саласында 3330 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін құны 210 миллиард теңге болатын 78 жоба жүзеге асырылып келеді. АӨК жобалары облыстың барлық ауданында қолға алынған. Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, туризм саласында жетістіктер бар. Алматы облысында орналасқан ұлттық парктерге келетіндер саны көбейген.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу соңында облыс дамуының стратегиялық жоспарын тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп жүзеге асыруды тапсырды.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-almaty-oblysynyn-akimi-marat-sultangazievti-kabyldady-2272336

 

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.