Қазақстан мен Түркия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Жаңалықтар
Халықаралық қоғамдастық
Қазақстан мен Түркия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
2022 жылғы 10 мамыр
Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға мемлекеттік сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізді.
Келіссөздерге дейін Президент сарайында салтанатты түрде ресми қарсы алу шарасы өтті. Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Түркияның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.
Салтанатты рәсімнен кейін шағын құрамда кездесу болды. Мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды кеңейтуге ерекше көңіл бөле отырып, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігінің ауқымды мәселелерін талқылады. Сонымен қатар жаһандық және аймақтық күн тәртібіндегі проблемалар қарастырылды.
Қазақстан Президенті бауырлас Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін Режеп Тайип Ердоғанға ризашылығын білдірді.
Шағын құрамдағы кездесу соңында Мемлекет басшысы Түркия Президентін елімізге сапармен келуге шақырды.
Режеп Тайип Ердоған Түркияға сапармен келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сонымен қатар Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанға шақыруын ризашылықпен қабыл алып, биыл күзде елімізге келетінін жеткізді.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-men-turkiya-prezidentteri-shagyn-kuramda-kelissoz-zhurgizdi-1044327
🇰🇿🇹🇷 Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға мемлекеттік сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізді.
Келіссөздерге дейін Президент сарайында салтанатты түрде ресми қарсы алу шарасы өтті.
Толығырақ: https://t.co/NtmBlVWAsr pic.twitter.com/q9yxKO1hI8
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) May 10, 2022