Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
İstanbul °C

Президент Бүкілармиялық кеңес өткізді

REKLAM ALANI
06.05.2023
A+
A-

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтар
Астана, Қазақстан
Президент Бүкілармиялық кеңес өткізді
2023 жылғы 05 мамыр
Қасым-Жомарт Тоқаевқа алдымен әскери қызметшілердің бірыңғай киім үлгісі таныстырылды. Бұдан кейін Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысы Бүкілармиялық кеңес өткізіп, ардагерлер мен сарбаздарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

 

Жоғарғы Бас қолбасшы құттықтау сөзінде Қарулы Күштеріміз мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі, туған елдің тәуелсіздігін және бейбіт өмірін қорғау қасиетті парыз екенін атап өтті.

– Туған жердің аумақтық тұтастығын сақтау – қастерлі борыш. Батыр бабаларымыз ғасырлар бойы жерінің шетін жауға бастырмай, бізге мирас етті. Осы ұлы мұраны көздің қарашығындай сақтау – басты міндетіміз. Біртұтас әрі қуатты мемлекетті ұрпаққа табыстау – негізгі мақсатымыз. Ел іші тыныш, қоғам тұрақты болса, жасампаз әрі өркениетті мемлекетке айналамыз. Яғни, дамыған ел боламыз десек, ең алдымен, бейбітшілік және тыныштық керек. Қарулы Күштеріміз осы қастерлі құндылықтарды қорғауға тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

 

Президент бүгінде заманның күнде құбылып жатқанына және әлемде жаппай қарулану белең алғанына назар аударды.

– «Жау жоқ деме, жар астында» деген сөз бар. Қазіргі күрделі кезеңде Армияның рөлі күшейе түсті. Армия егемендігімізді қорғауға әрдайым дайын болуы қажет. Оның кәсіби дайындығы, заманауи қару-жарақпен, озық технологиямен жабдықталуы басты факторға айналды. Әскердің білікті болуы және ұтқырлығы ұрыс нәтижесіне тікелей әсер етеді. Армия осы талапқа сай болса, өз міндетін ойдағыдай атқарады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Жоғарғы Бас қолбасшы күштік құрылымдардың жаңа талапқа сай болуы қажет екеніне назар аударды. Оның айтуынша, қазір арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды. Сондай-ақ десанттық-шабуылдаушы әскердің қарым-қабілетін арттыру үшін нақты жұмыс жүргізіліп жатыр.

– Аумақтық қорғаныстың әлеуеті күшейтілуде. Азаматтық қорғаныс бөлімшелері құрылып жатыр. Арнайы жасақ бөлімдерін дамыту ісі тың қарқынмен жалғасуда. Осы жұмыстың бәрін уақтылы аяқтау керек. Олар біртіндеп қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуге тиіс. Мемлекеттік органдардың тығыз қарым-қатынаста болуы өте маңызды. Сонда ғана біз кез келген қауіп-қатерге төтеп бере аламыз. Қуатты армия – тұрақтылық пен тыныштықтың кепілі, – деді Президент.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев армияны технологиялық тұрғыда жаңғырту жұмысы жалғасатынын атап өтті. Оның пайымынша, жаңа үлгідегі қару-жарақтың және техниканың, әсіресе дәлдігі жоғары қарулардың, ұшқышсыз басқарылатын техника мен роботты кешендердің үлесін арттыру қажет. Сондай-ақ әскеріміз ұтқыр болу үшін тасымалдаушы ұшақтардың және ұрыс көліктерінің санын көбейткен жөн деп есептейді.

– Ақпараттық жүйелер мен озық технологияны енгізу – маңызды міндет. Шешім қабылдау тиімділігін арттыруға және жауынгерлік бөлімшелердің әлеуетін арттыруға ерекше назар аудару керек. Бұл әскерді пайдалану тиімділігін айтарлықтай жақсартады. Армиямызды толыққанды қаруландыруда және жаңғыртуда отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешені маңызды рөл атқарады. Үкімет әскери өнімдер мен қызмет түрлерін кеңейту үшін барлық шараны қабылдауға тиіс. Тағы бір өзекті мәселе – зауыттардың және әскери бөлімдердің техниканы жөндеу мүмкіндігін арттыру. Біздің бұл саладағы әлеуетіміз жоғары, – деді Мемлекет басшысы.

 

 

 

 

 

Президент жауынгерлік дайындық жүйесін жетілдіруді келесі бір мәселе ретінде атап өтті. Сондай-ақ маңызды халықаралық тәжірибені жан-жақты зерттеп, озық үлгілерін белсенді түрде қолдануымыз керек екенін айтты.

– Қазіргі заманда әбден машықтанған сарбаздар ғана тиімді ұрыс жүргізе алады. Сондай-ақ сардарлардың біліктілігі айрықша рөл атқарады. Әсіресе, орта және төменгі буындағы басшылардың кәсіби дайындығы жоғары болуы шарт. Олардың дербес шешім қабылдау қабілеті және бастамашылдық қасиеті өте маңызды. Әскер басшылары қабылдаған шешіміне жауап беруден қорықпауға тиіс, – деді Жоғарғы Бас қолбасшы.

Жиында әскери білім және ғылым жүйесін дамыту мәселесіне де баса мән берілді.

– Әскери академиялар, институттар әлемдік стандарттарға сай болуға тиіс. Осы саладағы жоғары оқу орындарының материалдық базасын нығайту керек. Сондай-ақ оқу бағдарламасын заман талабына сай бейімдеу қажет. Әскери мамандар даярлау үшін басқа да жоғары оқу орындарының мүмкіндігін кеңінен пайдаланған жөн. Ректорлар студенттердің жауынгерлік дайындығына тікелей жауапты болуға тиіс. Әскери қауіпсіздік мәселесі ғылыми тұжырымға сүйенуі керек. Яғни, ғылыми-зерттеу жұмысына басымдық беру қажет. Әскери оқу орындары қорғаныс саласындағы кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатуы керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Мемлекет басшысы әскери қызметтің беделін және жауынгер мәртебесін арттыру қажеттігіне тоқталып, әскери қызметшілердің әлеуметтік тұрғыдан қамтылу мәселесіне ерекше назар аударды.

– Ел тыныштығын қорғайтын әрбір жас маман өз қызметін мақтан етуі керек. Әскери қызметте болу үлкен абырой саналуға тиіс. Біз бұған қажетті барлық жағдайды жасаймыз. Қазір осы бағытта нақты жұмыс жасалып жатыр. Әскери борышын өтеп келген азаматтар енді жоғары оқу орнына жеңілдікпен түседі. Мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар несиесін төлеу міндетінен уақытша босатылады. Сондай-ақ олар өздері қаласа, армия қатарынан нақты мамандық алып шығады. Жалпы, сарбаздарды әлеуметтік қолдау шараларын мейлінше көбейту қажет. Әскерде жүрген жастарымыз нағыз сарбаз, нағыз маман болып шығуы – міндет. Олар өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болуға тиіс. Әскери қызметшілерге жақсы жалақы төленуі керек. Үкімет күштік құрылымдарға еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне көшкен кезде осыны ескеруге тиіс, – деді Президент.

 

Бұдан кейін Мемлекет басшысы ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар әскери қызметшіні марапаттады.

Атап айтқанда, III дәрежелі «Айбын» орденімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің аға нұсқаушысы Бабақұлов Қуаныш Исабекұлы марапатталды. «Ерлігі үшін» медалі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімінің взвод командирі Лисбаев Байсейіт Жәнібекұлы мен Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Рахматалиев Данияр Тілекбайұлына табысталды. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медаліне Қорғаныс министрлігінің 19033 әскери бөлімі минасыздандыру бөлімшесінің командирі Алдабергенев Мейір Салқынбекұлы және Мемлекеттік күзет қызметінің жедел уәкілі Рамазан Дәурен Қайратұлы ие болды.

Сонымен қатар жиында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айырықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы Айтқұрман Омарбеков, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов, Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов, Қарулы Күштердің ардагері Серікбай Оңбаев, әскери қызметші Әди Таласбаев сөз сөйледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/prezident-bukilarmiyalyk-kenes-otkizdi-54225

 

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.