Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
İstanbul °C

Қасым-Жомарт Тоқаев М.Қозыбаев атындағы университеттің жұмысымен танысты

REKLAM ALANI
31.05.2023
A+
A-

 

 

 

Жаңалықтар
Жұмыс сапарлары
Қасым-Жомарт Тоқаев М.Қозыбаев атындағы университеттің жұмысымен танысты
2023 жылғы
СҚО, Петропавл қаласы

 

 

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне барып, білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және жоғары оқу орнын одан әрі дамыту стратегиясымен танысты.

Университетте 6 мыңнан астам студент оқиды. Жақында жаңа оқу-зертхана корпусы іске қосылған. Онда студенттер мен оқытушылардың түрлі тәжірибелер және ғылыми зерттеулер жүргізуіне барынша жағдай жасалған.

 

Мемлекет басшысына ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын бағалаудың технологиялық мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар Президент ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарына арналған лабораторияны аралап көрді. Онда студенттер ГИС-технология арқылы жерді қашықтан зондтау деректеріне талдау жасауды үйренеді.

Бұдан бөлек, Президентке конфигурациясы күрделі детальдар алу жөніндегі инновациялық әдістер, симуляциялық оқыту және практикалық дағдылар орталықтары көрсетілді.

 

Университет ректоры Ерлан Шұланов Мемлекет басшысына шетелдік жетекші университеттердің филиалдарын ашу жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы жөнінде баяндады. Бүгінде М.Қозыбаев университеті АҚШ-тағы Аризона университетімен бірлесіп, қос дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды бастады.

Ректордың айтуынша, жоғары оқу орнының беделі оның профессорларына байланысты. Университет жас перспективті ғалымдарды белсенді тарту және кадрлық әлеуетті дамыту үшін белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Университетке АҚШ-тың мықты техникалық жоғары оқу орны – Вандербильт университетінен доктор PhD Рустам Гатамов, Гонконг университетінен облыстың тумасы Алексей Маликов оралған.

 

 

 

 

Жыл сайын университетке бөлінетін грант саны артып келеді және соңғы 5 жылда мектеп түлектерінің басқа жоғары оқу орындарына кетуі екі есе азайды. Бұдан бөлек оқу орны жанынан 1500 орындық 4 жатақхана салынып жатыр. Аталған жобаның жүзеге асырылуы жатақхана мәселесін толық шешуге мүмкіндік береді.

Президент университет оқытушыларымен және студенттермен әңгімелесу барысында еліміздегі білім саласының сапасын арттыру маңызды екенін атап өтті.

 

 

 

 

– Мен бұл салаға ерекше мән беремін. Аталған мәселелердің бәріне басымдық береміз. Себебі білім, білім мәдениеті болмаса, Қазақстан әрі қарай дами алмайды. Жақында біз Ғылым академиясына реформа жүргіздік, өте танымал әрі практик ғалымды президент етіп тағайындадық. Ғылым жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткіздім. Таяу арада сіздер де ғалымдар мен тәжірибелі мамандардың қатарын толықтырып, мемлекетіміздің дамуына елеулі үлес қосасыздар деп санаймын. Мен жастарға сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы халықаралық озық тәжірибені енгізу және елімізде шетелдік оқу орындарының филиалдарын ашу қажет екеніне назар аударды.

– Біз жетекші университеттерді елімізде филиалдарын ашу үшін шақырып отырмыз. Мен Ресейдің техникалық университеттерін ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырдым. Алматыдағы ҚазҰУ-да физика-техника және Атырауда мұнай-газ салалары бойынша Ресей университеттерінің бөлімшелері ашылды. Жақында Сиань қаласында болдым. Ол жерде де Қытайдың техникалық бағыттағы жоғары оқу орындары өз филиалдарын елімізде ашуына мүдделі екенімізді айттым. Мұның бәрі бізге пайдалы. Өйткені білім халықаралық ынтымақтастыққа жол ашады. Білімде шекара болмайды. Қарыштап дамып кеткен елдер бар. Артта қалып қойған, бірақ озық мемлекеттерді қуып жетуге талпынатын елдер де бар. Сондықтан бұл саланың перспективасы зор. Қазақстан білім саласын дамыту үшін алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылады деп ойлаймын. Мен сіздерге үлкен үміт артамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

 

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-mkozybaev-atyndagy-universitettin-zhumysymen-tanysty-2943931

 

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.